Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 876 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 10.02.2024

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
876-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан дипломатиялық иммунитеті бар адамдар

1. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жауаптылықтан иммунитетті Қазақстан Республикасында мына адамдар пайдаланады: 

1) шет мемлекеттердің дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық персоналы мүшелерi және егер олар өздерiмен бiрге тұрып жатса және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, олардың отбасы мүшелерi; 

2) егер осы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, өзара түсіністік негiзінде дипломатиялық өкiлдiктердiң қызмет көрсетушi персоналының қызметкерлерi мен олардың өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерi, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, қызметтік мiндеттерiн орындау кезiнде өздері жасаған іс-әрекеттерге қатысты консулдықтардың басшылары және басқа да консулдық лауазымды адамдары; 

3) егер осы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, өзара түсіністік негiзінде дипломатиялық өкiлдiктердiң әкiмшiлiк-техникалық персоналы қызметкерлерi мен өздерiмен бiрге тұратын олардың отбасы мүшелерi; 

4) дипломатиялық курьерлер; 

5) шет мемлекеттердiң басшылары мен өкiлдерi, парламенттiк және үкiметтiк делегациялардың мүшелерi және өзара түсіністік негiзінде – Қазақстанға халықаралық келiссөздерге, халықаралық конференцияларға және жиналыстарға қатысу үшін немесе басқа да ресми тапсырмалармен келетiн шет мемлекеттер делегацияларының қызметкерлерi не осындай мақсаттармен Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитпен өтетіндер және егер осы отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, аталған адамдармен ілесіп жүретін отбасы мүшелері; 

6) халықаралық шарттар немесе жалпы танылған халықаралық әдет-ғұрыптар негiзiнде, Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардағы шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң басшылары, мүшелерi және персоналы, осы ұйымдардың лауазымды адамдары; 

7) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін, үшiншi елдегi шет мемлекеттердің дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, өкiлдiктердің дипломатиялық персоналының мүшелерi және аталған адамдармен ілесіп жүретін немесе оларға қосылу үшін немесе өз елiне қайту үшiн бөлек бара жатқан олардың отбасы мүшелерi; 

8) Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де тұлғалар. 

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1), 4) – 7) тармақшаларында аталған адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де тұлғалар, егер шет мемлекет әкімшілік жауаптылықтан иммунитет беруден айқын білдірген бас тартуды ұсынған жағдайда ғана, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн. Мұндай бас тарту туралы мәселе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi арқылы дипломатиялық жолмен шешiледi. Аталған адамдарға иммунитет беруден тиiстi шет мемлекеттiң бас тартуы болмаған кезде оларға қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзуді бастау мүмкін болмайды, ал басталғаны тоқтатылуға жатады. 

3. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы баптың екiншi бөлiгiнiң қағидалары осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) және 3) тармақшаларында аталған адамдарға қолданылмайды, бұған осы адамдардың жасаған құқық бұзушылығы өздерінің қызметтік мiндеттерiн орындауға байланысты болған және Қазақстан Республикасының мүдделерiне қарсы бағытталмаған жағдайлар қосылмайды.
Статья 1 ...874‑1 875 876 877 878 ...920

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Ассалаумалейкум менім қарындасымнын кредит аресте енді меніде ареске қойып тастады не үшін?


Салеметсізбе мен кредитти мерзиминен бурын 2ай алдын 2жыл бурын жаптым еедиги менде сурак страховка га усталган акшаны кайтарып ала аласынба


Добрый вечер хотелось бы подать жалобу на кск города Алматы жк Хан-Тенгри в частности на работу сантехников ! Купили квартиру в которой установил батареи сантехник с кск пришла зима выше 19 градусов температура в квартире не поднимается ! Обращение в кск ни каких результатов не дает, приходят разные сантехники крутят краны на батареях и уходят и так каждое наше обращение уже ровно два месяца батареи 37-45 градусов живем с обогревателями ни кто ни чего делать не хочет говорят придем через час и пропадают! Что делать куда обращаться это вопиющая халатность управляющих кск ! Множество работ которые касаются именно работы кск не исполняются должным образом !


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться