Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 98 Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы 2018 жылғы 5 маусымдағы № 176-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.10.2024

Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы
98-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң: 

1) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 16-баптың 3) тармақшасын, 19-бапты, 28-баптың 3-тармағының бірінші бөлігін, 33-баптың 3-тармағының 11) тармақшасын, 50-баптың 5-тармағының 7) тармақшасын, 67-баптың 2-тармағының 18) тармақшасын, 68-баптың 3-тармағы 14) тармақшасының оныншы абзацын; 

2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 46-бап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай: 

"46-бап. Адвокаттың өкілеттіктерін куәландыру 

1. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктері заң консультациясы немесе адвокаттық кеңсе беретін, ал ол өз қызметін заңды тұлғаны тіркеместен, жеке-дара жүзеге асырған кезде – адвокаттар алқасының төралқасы беретін ордермен куәландырылады. Ордердің нысанын уәкілетті орган бекітеді. Ордерлер беруді бақылау мен есепке алуды адвокаттар алқасының төралқасы жүзеге асырады. 

2. Адвокат куәлiгiнің нысаны мен оны толтыру тәртібін Республикалық адвокаттар алқасы әзірлейді және бекiтеді. 

Адвокат мәртебесі тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған адам тиісті шешім қабылданғаннан кейін өзінің куәлігін адвокаттар алқасына тапсыруға міндетті. 

3. Өз қызметін Қазақстан Республикасы ратификациялаған тиісті халықаралық шарт негізінде жүзеге асыратын шетелдік адвокаттың өкілеттіктері жеке басын, адвокат мәртебесін және оның заң көмегін көрсетуге өкілеттіктерін куәландыратын құжаттармен расталады. 

4. Адвокаттың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, сондай-ақ егер бұл қабылданған тапсырманы орындауға қажет болса және тиiстi мемлекеттердiң заңнамасы мен Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмесе, оның шегінен тыс жерлерде адвокаттық қызметпен айналысуға құқығы бар." деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бапты; 

3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 33-баптың 7-тармағының 4) және 7) тармақшаларын, 36-бапты, 76-баптың 4-тармағының 8) және 14) тармақшаларын, 77-бапты; 

4) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 83-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің бірінші сөйлемі 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай: 

"Өзіне қатысты осы бапта белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешім қабылданған адам заң консультанттары палатасына мүшелікке қабылданған болып есептеледі және осындай адам туралы мәліметтер үш жұмыс күні ішінде заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізіліміне енгізіледі." деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы сөйлемді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін заң көмегін көрсететін жеке және заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде өз қызметін осы Заңның талаптарына сәйкес келтіреді. 

3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін өз қызметін жүзеге асырып келген адвокаттар алқасы, Республикалық адвокаттар алқасы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін адвокаттар алқаларының, Республикалық адвокаттар алқасының төрағаларын сайлау, олардың басқару органдарын қалыптастыру тәртібін қоса алғанда, осы Заңның талаптарына сәйкес келтіруге тиіс және әділет органдарында қайта тіркелуге жатады. 

4. Мыналардың: 

1) "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат); 

2) "Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы" 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 14, 73-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 141-құжат) күші жойылды деп танылсын. 

Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Статья 1 ...96 97 98

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый день. Не могу найти в Законе права усыновлённого ребёнка на наследство, при кровных наследниках. ?


Здравствуйте имеет ли заведующая дет. сада устанавливать камеру в метод кабинете без согласия методиста


В письменной форме должны совершаться сделки: 

1) осуществляемые в процессе предпринимательской деятельности, кроме сделок, исполняемых при самом их совершении, если для отдельных видов сделок иное специально не предусмотрено законодательством или не вытекает из обычаев делового оборота; 

2) на сумму свыше ста месячных расчетных показателей, за исключением сделок, исполняемых при самом их совершении; 

3) в иных случаях, предусмотренных законодательством или соглашением сторон. 


Каждый считается невиновным, пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет доказана в предусмотренном настоящим Кодексом порядке и установлена вступившим в законную силу приговором суда. 

Никто не обязан доказывать свою невиновность. 

Неустранимые сомнения в виновности подозреваемого, обвиняемого, подсудимого толкуются в их пользу. В пользу подозреваемого, обвиняемого, подсудимого должны разрешаться и сомнения, возникающие при применении уголовного и уголовно-процессуального законов. 

Обвинительный приговор не может быть основан на предположениях и должен быть подтвержден достаточной совокупностью допустимых и достоверных доказательств.


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики. 

Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются. 


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться