Ст. 32 Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415
Акционерлiк қоғамдар туралы
32-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның салық берешегiн қоғамның жарияланған акциялары есебiнен өтеу
1. Егер жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның салық берешегiн (бұдан әрі - мерзімі өткен берешек) төлеу мерзімі үш айдан астам өтіп кетсе, Қазақстан Республикасының мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органы (бұдан әрі - мемлекеттік орган) қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеткізу мақсатында: 1) Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес қоғамның жарияланған акцияларына билік етуін шектеу туралы шешім қабылдауға;
2) қоғамның жарияланған акциялары болмаған немесе олар қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеуге жеткіліксіз болған жағдайда қоғамның мерзімі өткен берешегін қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығартқызып, кейіннен оларды орналастыру арқылы өтеткізу туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы.
2. Қоғамның жарияланған билік етуі шектелген акцияларын және мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын орналастыру Қазақстан Республикасының салық заңдарында билік етуі шектелген мүлікті өткізу үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қоғам қызметін республиканың экономикасы үшін стратегиялық маңызы зор салаларда жүзеге асыратын жағдайда, мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеу есебіне мемлекет меншігіне оларды мәжбүрлеп алып қою арқылы орналастыруға құқылы.
3. Қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын мемлекет меншігіне алып қою оларға мемлекеттік меншік құқығын қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiнде тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органға тіркеледі.
4. Жарияланған акцияларды сот шешімімен мәжбүрлеп шығаруды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
5. Қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын орналастырудан түскен ақшаны, қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеуді қоспағанда, өзге мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.
Қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын орналастырудан алынған сома мерзімі өткен берешек сомасынан асып түскен жағдайда айырма қоғамның кірісіне жіберіледі.
6. Қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеу үшін қажетті акциялардың орналастырылу бағасы мен санын қоғаммен келісе отырып, мемлекеттік орган белгілейді. Мемлекеттік органның бастамасымен акциялардың орналастырылу бағасын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалаушының да белгілеуі мүмкін.
Акциялардың орналастырылу бағасын бағалаушы белгілеген жағдайда бағалауға байланысты шығындарды қоғам көтереді.
7. Мерзімі өткен берешек қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын орналастырудан түсетін ақша есебінен өтелген жағдайда немесе қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларға мемлекеттің меншік құқығы қоғамның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiнде тіркелген кезден бастап қоғамның мерзімі өткен берешегі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес өтелген болып есептеледі.
Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. N 11(күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
5-тарау. Қоғамды басқару
Лучшие юристы





несет ли водитель ответственность за перевозимый груз без сопровождающего лица?
Доброго времени суток! Как осуществляется передача в доверительное управления инфраструктуры, находящейся на земле вторичного землепользования (земля у субарендатора) другому лицу, которой является первичным землепользователям данных земель. То есть инфраструктура принадлежит первому лицу, а земля на которой это инфраструктура второму лицу. Первая лицо хочет передать управления инфраструктурой второму лицу.
Доброго времени суток!Помогите пож-та какими законами и действиями воздействовать на соседа в многоквартирном ЖК ?Сосед из 3 х комнатной квартиры делает две квартиры двухкомнатную и однокомнатную квартиру с общим коридором не выходящим на общедомовое имущество,т.е внутри его собственности будет разделение входных дверей в две квартиры.Стены между квартирами он воздвиг сам ,не от застройщика,не имея на сегодняшний день никаких разрешений и документов у него произведено сложное переоборудование .Сначала он должен был получить разрешение от Архитектуры,БТИ,Рэк и уже после приступать к ремонту.И в некоторых источниках написано,что мы смежные соседи должны дать своё разрешение.Ведь будут затронуты наши интересы,во первых такие варианты квартир покупают для посуточного бизнеса и нам будет идти нагрузка на весь подьезд по шуму и чистоте ,во вторых мы смежные соседи будем постоянно сталкиваться с большим кол-вом жильцов,когда покупали мы свои квартиры нас привлекло на площадке именно малое кол-во квартир,а теперь добавится ещё квартира .Я не согласна с таким добавлением квартир .
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей