Ст. 3 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
3-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтiң негiзгi бағыттары
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтiң негiзгi бағыттары осы саладағы мемлекеттiк, қоғамдық және жеке мүдделердi: 1) мемлекеттiк мүдделердi – тұтастай алғанда, өңірлерді, қалаларды, кенттердi, ауылдарды (селоларды) және басқа да қоныстарды тұрақты дамыту жағдайларын, аумақтық көліктік жоспарлауды және жол жүрісін ұйымдастыруды, тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйелерiнiң, көлiк және инженерлiк коммуникациялардың, байланыс пен энергетиканың жұмыс iстеуiн, қоршаған ортаны қорғауды, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн сақтауды қамтамасыз етудегі қоғам мүдделерiн;
2) қоғамдық мүдделердi - жекелеген аймақтар, қалалар, кенттер, ауылдар мен басқа да қоныстар халқының осы аумақта тұруының (болуының) қолайлы жағдайларын, экологиялық ахуалдың жақсаруын, шаруашылық және өзге де қызмет салдарынан болған қауіпті (зиянды) әсерлердiң алдын алуды, елдi мекендер мен оған iргелес жатқан аумақтардың инфрақұрылымдарын дамытуды, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн, табиғат құндылықтарын сақтауды қамтамасыз етудегі мүдделерiн;
3) жеке мүдделердi - жеке және заңды тұлғаларға тиесiлi жер учаскелерiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыруға байланысты олардың мүдделерiн қамтамасыз етуге тиiс.
Егер азаматтар мен заңды тұлғалардың қала құрылысы және сәулет-құрылыс қызметi қолайсыздық туғызған немесе өздеріне тиесiлi (өздері пайдаланатын) объектiнi (жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлiктi) пайдалануға, иеленуге не иелiк етуге мүмкiндік бермеген жағдайда, ол шектелуге жатады.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi:
1) құрылыс үшiн инженерлiк iзденiстер жүргiзу, сәулет-қала құрылысы және құрылыс мақсаттарына Ұлттық кеңістіктік деректер қорын пайдалану;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы негiздемелерін, болжамдарын, құжаттарын жасау;
3) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы белгіленген тәртіппен әзірлеу, келісу, сараптамадан өткізу және бекіту;
4) жаңа құрылыстар салу, сондай-ақ бар құрылыстарды, үйлердi, ғимараттарды, инженерлiк және көлiк коммуникацияларын кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау, реновациялау және күрделi жөндеу;
5) аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру объектiлерiн салу;
6) аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою;
7) объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыс кешенiн жүргiзу;
8) ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-эксперимент жұмыстарын жүргiзу және олардың нәтижелерiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында пайдалану;
9) қала құрылысы және сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру;
10) инжинирингтік қызметтерді тарту және көрсету;
11) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн талаптарды белгiлеу болып табылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.04.12 № 38 , 2005.04.13 № 40 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.11 № 204 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.29 № 209 , 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 167-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на [email protected]
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей