Ст. 64-11 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
64-11-бап. Аккредиттелген сараптама ұйымдарының кәсіптік бірлестігі
1. Палата қызметі осы Заңмен, Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасымен және жарғымен реттеледі. Кіру жарналарын алуға жол берілмейді.
2. Палатаның жоғары басқару органы оның мүшелерінің жалпы жиналысы (өкілдер жиналысы) болып табылады.
3. Палатаны басқарудың атқарушы органы оның мүшелерінің жалпы жиналысы (өкілдер жиналысы) сайлаған басқарма болып табылады.
Палата басқармасының құрамына сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның кемінде үш өкілі де кіреді.
4. Палатаның функцияларына:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қорғау;
2) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) сарапшылардың біліктілігін арттырудың тұрақты жұмыс істейтін курстарын өткізу;
4) сарапшылар мен сараптама ұйымдары жұмысының оң тәжірибесіне талдау жүргізу, оны қорыту және тарату;
5) сарапшылардың әдеп кодексін әзірлеу және оның сақталуын тексеру;
6) жарғыда көзделген өзге де функциялар жатады.
5. Палата өзінің интернет-ресурсында аккредиттелген сараптама ұйымдары туралы ақпаратты орналастырады.
Ескерту. 64-11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3-бөлiм. ҚҰРЫЛЫС
10-тарау. ҚҰРЫЛЫС ПРОЦЕСIН МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
Лучшие юристы





Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей