Ст. 68-1 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
68-1-бап. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы ақпараттық жүйелер
1. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында барлық кезеңдерде, оның ішінде елді мекендердің аумақтарын жоспарлау, құрылыс объектілерін жобалау, сараптау, салу және пайдалану кезеңдерінде әртүрлі процестерді автоматтандыру және рәсімдерді оңайлату үшін ақпараттық жүйелер қолданылуы мүмкін. 2. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы ақпараттық жүйелер меншік нысаны бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес болып табылады.
3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерді қолдануды сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілер қызметін жүзеге асыру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерді қолдануға міндетті.
Өзге жағдайларда субъектілер қызметінің нәтижесі жарамсыз деп танылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті шаралар қолданылуға жатады.
Ескерту. Заң 68-1-баппен толықтырылды – ҚР 05.04.2023 № 221-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?
Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей