Ст. 1 Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I
Аудиторлық қызмет туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) аккредиттелген кәсiби аудиторлық ұйым (бұдан әрi – кәсiби ұйым) – аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйым;
2) аккредиттеу – осы Заңда көзделген кәсiби ұйымдардың құқықтылығын уәкiлеттi мемлекеттік органның ресми тануы;
3) аттестаттау – Біліктілік комиссиясының аудиторларға кандидаттардың білімдері мен дағдыларын айқындауы рәсімі;
4) аудит – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептiлiк және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсiз пiкiр бiлдiру мақсатында тексеру;
5) аудитор – Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Біліктілік комиссиясы) аттестаттаған, "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға;
6) аудиторлық есеп – жүргiзiлген аудиттiң нәтижесi болып табылатын жазбаша немесе электрондық ресми құжат;
7) аудиторлық қызмет – осы Заңға сәйкес қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат аудитiн жүргiзу және көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
7-1) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес (бұдан әрі - кәсіби кеңес) - кәсіби ұйым (кәсіби ұйымдар) құрған, мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым;
8) аудиторлық ұйым – аудиторлық қызметтi жүзеге асыру үшiн құрылған және кәсіби ұйымның мүшесі болып табылатын коммерциялық ұйым;
9) аудиттелетін субъект – өзіне қатысты аудит, салықтар бойынша аудит, өзге ақпарат аудиті жүргізілетін заңды тұлға, заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның филиалдары және (немесе) өкілдіктері, дара кәсіпкер;
10) Әдеп кодексі – аудиторлардың, аудиторлық және кәсіби ұйымдардың кәсіптік қызметінің Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын әдеп қағидалары жинағы;
11) дұрыс емес аудиторлық есеп – Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, қаржылық есептілік туралы және аудит стандарттарында көзделген ақпарат туралы дұрыс емес және (немесе) толық емес, пайдаланушыларды жаңылыстыратын мәліметтерді қамтитын аудиторлық есеп;
12) жер қойнауын пайдаланушының шығыстары туралы мәліметтер аудиті – жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі операцияға арналған шығыстарының аудиті;
12-1) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілері - бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының ресми тізіміне енгізілген немесе енгізу жоспарланып отырған эмитенттерге, сондай-ақ қаржы ұйымдарына (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, жер қойнауын пайдаланушыларға (кең таралған пайдалы қазбаларды өндірушілерден басқа) аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдар;
13) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит – бюджет қаражатын пайдалану мәселесі бойынша аудит;
14) көрiнеу дұрыс емес аудиторлық есеп – аудит жүргiзiлмей жасалған немесе пайдаланушыларды қасақана жаңылыстыратын пiкiрді қамтитын аудиторлық есеп;
15) мүдделер қақтығысы – аудиторлық ұйымның мүдделілігі оның аудиттелетін субъектінің қаржылық есептілігінің дұрыстығы туралы пікіріне әсер етуі мүмкін жағдай;
16) өзге ақпарат аудиті – "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалауға қатысты, оның ішінде стратегия мен бизнес модельге, корпоративтік басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық технологиялардың тәуекелдерін басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласындағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауға қатысты процестерді және қаржылық есептілікпен байланысты емес ақпаратты тексеру;
17) өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытынды – өзге ақпарат аудитінің нәтижелері бойынша жасалған қорытынды;
17-1) практикамен айналыспайтын сарапшы - аудиторлық ұйымның құрылтайшысы (қатысушысы) немесе жұмыскері болып табылмайтын және кәсіби кеңес органдарында тағайындалғанға дейін және олардағы жұмыс кезеңінде онымен азаматтық-құқықтық қатынаста кемінде күнтізбелік бір жыл болмаған жеке тұлға;
18) салықтар бойынша аудит – уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүргізілетін, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрі бойынша есептеу мен төлеудің дұрыстығы, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылығы, әлеуметтік аударымдарды есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылығы мәселесі бойынша аудит;
19) салықтар бойынша аудиторлық қорытынды – салықтар бойынша аудит нәтижелері бойынша жасалған қорытынды;
20) салықтар бойынша дұрыс емес аудиторлық қорытынды – аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жасаған, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеудің дұрыстығы, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылығы, әлеуметтік аударымдарды есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылығы мәселелері бойынша дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтерді қамтитын, сондай-ақ салықтар бойынша аудит жүргізілмей жасалған немесе қасақана жаңылыстыратын пікірді қамтитын қорытынды;
21) уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – аудиторлық қызмет саласында реттеуді және аудиторлық қызмет пен кәсiби ұйымдардың қызметi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
22) ұйымдардың стандарттары – аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, аудит жүргізу тәртібіне бірыңғай талаптарды белгілейтін ішкі құжаттары;
23) халықаралық аудит стандарттары (бұдан әрі – аудит стандарттары) – Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған стандарттар мен құжаттар.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
Азаматтық қорғау туралы 87-бап. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның аварияға тергеп-тексеру жүргізілгеннен кейінгі іс-қимылы ҚР Қылмыстық Кодексi 465-бап. Корабль жүргiзу қағидаларын бұзу ҚР Қылмыстық Кодексi 146-бап. Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптауларРекомендованные страницы
Аудиторлық қызмет туралы 4-бап. Аудиторлық қызметтiң негiзгi принциптерi және аудиттiң стандарттары Аудиторлық қызмет туралы 11-бап. Кәсiби ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi ПДД Казахстана пункт 8.7. МАНЕВРИРОВАНИЕ Акционерлiк қоғамдар туралы 89-бап. Таратылатын қоғамның мүлкін акционерлер арасында бөлу Халықтың көшi-қоны туралы 8-1-бап. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыретіРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей