Ст. 10 Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588
Электр энергетикасы туралы
10-бап. Жүйелiк оператор
1. Жүйелiк оператор мынадай функцияларды орындайды:
1) осы Заңның 13-бабының 7-1-тармағына сәйкес ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша жүйелік қызмет көрсетеді;
1-1) осы Заңның 13-бабының 7-2-тармағына сәйкес ұлттық электр желісін пайдалану бойынша жүйелік қызмет көрсетеді;
1-2) ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсетуді және оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды қамтамасыз етеді;
2) электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты теңгерiмдерiн жасау мен тәулiктiк кестесiн қалыптастыруды қоса алғанда, шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң жұмыс режимдерiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыра отырып, техникалық диспетчерлендiру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;
2-1) қуатты резервтеу бойынша жүйелік қызметтер көрсетеді;
3) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi жұмысының сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;
4) 31.12.2007 дейін қолданыста болды.
5) электр энергиясының өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;
6) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерін және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің теңгерімсіздіктерін есептеу үшін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына деректерді береді;
6-1) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесін қалыптастырады;
7) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде энергия өндiрушi ұйымдар арасындағы қуат резервтерiнiң көлемiн, құрылымын, таратылуын және қуат резервтерiнiң iске қосылуын айқындайды;
8) нақты уақыт режимiндегi электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы мен жүйелiк және қосалқы көрсетiлетiн қызметтер нарығының жұмыс iстеуiн ұйымдастыруды жүзеге асырады;
9) шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс режімдерiн басқару және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету және электр қуатын реттеу бойынша өзара iс-қимыл жасайды;
10) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың, электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң релелiк қорғау мен аварияға қарсы автоматикасының бiрлескен құрылғыларының бiртұтас ақпараттық жүйесiн, автоматтандырылған жүйесiн құру жөнiнде техникалық және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
11) ұлттық электр желiсiне электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң қол жеткiзуi үшiн тең жағдайларды қамтамасыз етедi;
12) Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығына қатысушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қозғамайтын ақпаратпен қамтамасыз етедi;
13) электр станцияларының, шағын станциялардың негiзгi жабдықтарын, электр беру желiлерiн, релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын, технологиялық басқару жүйелерiн жөндеуге шығаруды келiседi;
14) су электр станцияларының су-шаруашылық теңгерiмдерiн ескере отырып олардың жұмыс режимдерiн және Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң жұмыс режимдерiн әзiрлеуге қатысады;
15) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеуді жүзеге асырады;
16) электр қуаты нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
18) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды жүзеге асырады;
19) алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
22) алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 394-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
22-1) қуатты берудің келісілген схемалары туралы ақпаратты тоқсан сайын уәкілетті органға береді;
22-2) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығы мен профицитін растайды;
22-3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес энергетикалық аймақтар бөлінісінде цифрлық майнерлердің қызметі үшін қолжетімді болатын электр энергиясының квотасын және электр энергиясын тұтыну бейінін айқындайды және квотаның есеп-қисабы үшін пайдаланылған электр энергиясының тапшылығы мен профицитінің бар-жоғы туралы ақпаратты тиісті негіздемесімен бірге өзінің интернет-ресурсында жариялайды, сондай-ақ осы ақпаратты цифрлық активтер саласындағы уәкілетті органға береді;
23) осы Заңда және Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Жүйелік оператордың электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында электр энергиясын тікелей шетелдік өндірушінің атынан өткізетін электр энергиясын берушілерден сатып алу-сатуды мынадай жағдайларда:
1) технологиялық және өндірістік қажеттіліктерге;
2) басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен электр энергиясы ағымдарының шарттық шамаларын қамтамасыз ету үшін;
3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысу үшін жүзеге асыруға құқығы бар.
2-1. Алып тасталды – ҚР 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Жүйелiк оператор Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару:
1) электр энергиясын сатып алу-сату, беру, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу шарттарының талаптарын iске асыратын Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерiн басқарудан;
2) электр энергиясының мемлекетаралық ток ағымдары режимдерiн басқарудан;
3) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде технологиялық бұзылыстарды болдырмауды, оқшауландыруды және жоюды қамтамасыз етуден;
4) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi қуат резервтерiн оралымды басқарудан;
5) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң сенiмдi және тұрақты жұмысын қамтамасыз ететiн релелiк қорғау, аварияға қарсы және режимдiк автоматика жүйелерiнiң құрылымын, принциптерін, орналасқан жерлерiн, көлемдерi мен қондырғыларын айқындаудан;
6) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестелерiн қалыптастыру мен бекiтуден;
7) электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты теңгерiмдерiн жасаудан тұрады.
5. Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару және тиiстi өкiмдер беру электр энергиясының сапалық сипаттамасының ағымдағы мәнi - қуаты, жиiлiгi және кернеуi негiзiнде жүзеге асырылады.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.29 № 116-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.04 № 166-IV, 2012.07.04 № 25-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 394-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.12.2020 № 380-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 194-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей