Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 13 Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Электр энергетикасы туралы
13-бап. Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушыларға қойылатын талаптар

1. Өңiрлiк электр желiлiк компаниялары олардың желiлерiне қосылған электр энергиясы көтерме және бөлшек сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестелерiн сақтауын және өңiрлiк электр желiлiк компанияларының желiлерi мен ұлттық электр желiсi арасында жүйелiк оператормен келiсiлген электр энергиясы сальдо-ток ағымдарының сақталуын қамтамасыз етедi. 

1-1. Электр желiлерiне жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлері тiкелей қосылған өңiрлiк электр желiлік компаниялар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндіретін және беретін электр энергиясын толық көлемде қабылдауға мiндеттi. 

2. Энергиямен жабдықтау тұтынушының кiнәсiнсiз тоқтатылған жағдайда, энергиямен жабдықтаушы ұйым – электр энергиясын кепiлдiкпен берушi тұтынушыларды жария шарттар негiзiнде энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етедi. 

3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өз тұтынушыларын энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан және (немесе) нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады. 

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясын жиынтық белгіленген қуаты 10 мегаваттан аспайтын, өздерінің қызмет көрсету аймағында орналасқан, 2023 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген және 2023 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын сатып алу мен сатудың ұзақ мерзімді шарттары болмаған гидроэлектр станцияларынан осы Заңның 12-1-бабына сәйкес белгіленген электр энергиясына шекті тариф бойынша басым тәртіппен сатып алады. 

Бұл ретте электр энергиясын осы гидроэлектр станцияларынан 2023 жылғы 1 шілдеге белгіленген қуат деңгейінде сатып алуға жол беріледі. 

3-1. Энергия өндіруші ұйымдар желіге жіберілетін электр энергиясының бүкіл көлемін осы Заңға сәйкес, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға және (немесе) олармен бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларға не олармен бір гибридті топқа кіретін гибридті топ әкімшісіне сатуды жүзеге асыруға міндетті. 

Бір тұлғалар тобына өздерімен бірге кіретін тұтынушыларға және бір гибридті топқа өздерімен бірге кіретін гибридті топ әкімшісіне электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын тұлғалар тобынан және гибридті топтан тыс электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға ғана сатуды жүзеге асыруға міндетті. Бұл ретте электр энергиясын кейіннен сатпай өз қажеттіліктері үшін сатып алатын заңды тұлға тұтынушы деп танылады. 

Бұл ретте осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарына сәйкес энергия өндіруші ұйым өткізуге мәлімдемеген электр энергиясының көлемі жоғарылатып теңгерімдеуге қатысуға өтінім беру арқылы өткізуге жатпайды. 

3-2. Энергия өндіруші ұйымға: 

1) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны және (немесе) онымен бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыны не онымен бір гибридті топқа кіретін гибридті топ әкімшісін қоспағанда, электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектілеріне, сондай-ақ электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне электр энергиясын өткізуге (сатуға); 

1-1) жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің орталық дерекқорына келісілген хаттамалар бойынша сағаттық есепке алу деректерін беруді қамтамасыз ететін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болмаған кезде электр энергиясын өткізуге (сатуға); 

1-2) осы Заңның 9-4-бабының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, электр энергиясын цифрлық майнерлерге өткізуге (сатуға); 

2) басқа энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын алуға (сатып алуға); 

3-1) бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттары жоқ, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға электр энергиясын өткізуге (сатуға); 

3-2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша осы баптың 13-тармағына сәйкес энергия өндіруші ұйым ол туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырған, меншікті генерациялайтын қондырғылардың желіге жіберу үшін бос электр қуаты болған кезде бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарты бар, көтерме сауда нарығында электр энергиясын жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тартуға немесе жалтаруға, сондай-ақ электр энергиясын өндіру көлемін негізсіз, оның ішінде сағаттық қысқартуға не тұтынушылардың сұранысы мен тапсырыстары бар электр энергиясын өндіруді тоқтатуға тыйым салынады. 

Бұл ретте шарт жасасудан бас тарту немесе жалтару, сондай-ақ электр энергиясын өндіруді қысқарту не тоқтату мынадай жағдайлардың бірінде, егер: 

энергия өндіруші ұйымда тұтынушы өтініш жасаған кезде электр энергиясын өндірудің, берудің жүйелік оператор растаған техникалық мүмкіндігі болмаса; 

энергия өндіруші ұйым жүйелік операторға шарттық көлемнің (реттеу диапазонының) шамасында қуатты реттеу бойынша қызметтер көрсетсе; 

энергия өндіруші ұйым Тиісті тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қолда бар қуаттың он пайызынан аспайтын мөлшерде электр қуаты резервінің қажетті шамасын ұстап тұрса; 

көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алушы өтініш жасау кезінде төлем қабілеттілігін растамаса, негізді болып есептеледі; 

4) мынадай жағдайларды: 

электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестесін негізге ала отырып айқындалатын көлемде қуаттардың авариялық істен шығуын; 

жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан сатып алуды қоспағанда, энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын алуға (сатып алуға) тыйым салынады. 

3-3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымға: 

1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден сатып алынған электр энергиясының көлемдерін өткізетін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды қоспағанда, электр энергиясын цифрлық майнерлерге, басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымға өткізуге (сатуға), сондай-ақ оны басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымнан алуға (сатып алуға); 

2) жүйелік оператор қалыптастыратын қуат нарығын тұтынушылардың тізбесіндегі, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларға электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салынады. 

Қуат нарығын тұтынушылардың тізбесі жүйелік оператордың интернет-ресурсында орналастырылады және оны жүйелік оператор қуат нарығын тұтынушылар құрамының өзгеру фактісі бойынша жаңартып отырады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген тыйым салу электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларға электр энергиясын өткізудің мынадай жағдайларына: 

тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне енгізілген тұтынушыларға; 

тұтынушының оқшауланған құрылымдық бөлімшелеріне беру үшін орташа тәуліктік (базалық) қуаты 1 мегаваттан аспайтын жиынтық көлемде; 

тұтынушы қуат нарығын тұтынушылардың тізбесіне енгізілген кезден бастап күнтізбелік қырық бес күннен аспайтын мерзімге; 

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған электр энергиясының көлемдеріне қолданылмайды. 

3-4. Электр энергиясы мен қуатын, теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді, ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтерді, электр энергиясын беру, оның ішінде ұлттық электр желісі арқылы беру бойынша көрсетілетін қызметті, техникалық диспетчерлендіру бойынша көрсетілетін қызметті, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті, орталықтандырылған сауда нарығы операторының көрсетілетін қызметтерін, электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуға байланысты электр энергиясы мен қуатының көтерме саудасы нарығындағы құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды. 

3-5. Алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-6-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 08.07.2024 № 121-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-6. Жүйелік оператор, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар және электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушылар энергия өндіруші ұйымдардан, сондай-ақ негізгі қызмет түрлеріне осы қызметті көрсету жататын бейрезидент-ұйымдардан электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алуды жасалған шарттарға сәйкес шарттық баға бойынша жүзеге асырады. 

Электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызмет айырбас электр энергиясының нөлдік сальдосы сақталған жағдайда нақты электр жүктемесінің мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуларына өтем жасау үшін пайдаланылады және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет болып табылмайды. 

Электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы жасалған екіжақты шарттарға сәйкес белгіленеді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-7-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 08.07.2024 № 121-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-8. Гибридті топ әкімшісі: 

1) тиісті гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын алуды (сатып алуды) жүзеге асырады; 

2) гибридті топ тұтынушыларына электр энергиясын өткізуді (сатуды) жүзеге асырады; 

3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына және электр қуаты нарығына қатысады; 

4) гибридті топтың теңгерім провайдері болып табылады; 

5) гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен гибридті топ тұтынушылары үшін электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығында электр энергиясын бірыңғай сатып алушы, жүйелік оператор, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы алдында қаржылық міндеттемелері болады; 

6) бір гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылардың электр энергиясын өндіру және тұтыну режимдерін бірыңғай басқаруды қамтамасыз етеді. 

3-9. Гибридті топ әкімшісі гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымда бекітілген шекті тариф болған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын өткізуге (сатуға) құқылы. 

3-10. Гибридті топ тұтынушысы электр энергиясын осы Заңда белгіленген тәртіппен бірыңғай сатып алушыдан сатып алуға құқылы. 

3-11. Гибридті топ әкімшісіне: 

1) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын өткізуге (сатуға); 

2) келісілген хаттамалар бойынша сағаттық есепке алу деректерін жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің орталық дерекқорына беруді қамтамасыз ететін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болмаған кезде электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салынады. 

4. Энергия өндiрушi ұйымдар жүйелiк қызмет пен қосалқы қызмет көрсету нарығының ұйымдастырылуы және жұмыс iстеуi қағидаларында, электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында белгiлеген тәртiппен қуат резервтерiн, көлемiн, құрылымын ұстап тұруды және орналастыруды қамтамасыз етедi. 

5. Электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну қатынастарына қатысушылар жүйелiк оператор электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн табиғи реттеу нәтижелерi бойынша беретiн теңгерiмдеушi электр энергиясы көлемдерiнiң есептерi негiзiнде электр энергиясын өндiру-тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасындағы электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығында қаржылық реттеу үшiн өзара мiндеттемелер атқарады. 

6. Энергия беруші ұйымдар, электр энергиясының көтерме саудасы нарығының субъектiлерi меншік нысанына қарамастан жүйелік оператормен жасалған электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге және теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сатуға арналған шарттар негізінде электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығына қатысуға мiндеттi. 

6-1. Энергия беруші ұйымдар, электр энергиясының көтерме саудасы нарығының субъектілері жүйелік оператормен жасалған электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі жүйелік қызметтерді көрсетуге арналған шарттар негізінде имитациялық режимде жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысуға міндетті. 

6-2. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларда электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелері, жүйелік операторда және қажет болған кезде өңірлік электр желісі компаниясында орнатылған жүйелермен біріздендіруді қамтамасыз ететін телекоммуникация жүйелері болуы міндетті. 

6-3. Электр желілеріне технологиялық қосуды жүзеге асыру үшін энергия беруші ұйымдар кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу шарттарын жасасуға міндетті. Шарт энергия беруші ұйымның электр желілеріне технологиялық қосылу құнына (шығындар тізбесі) ақы төлеу жүргізілгеннен кейін жасалған деп есептеледі. 

7. Энергия өндіруші ұйымдар – гидроэлектр станциялары суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңiнде өндiрiлетiн электр энергиясын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатуға мiндеттi. 

7-1. Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызмет ақысын жүйелік оператормен жасалған шарт негізінде:  

1) осы Заңға сәйкес электр энергиясының экспортын жүзеге асыру кезінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушы; 

2) осы Заңға сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны қоспағанда, электр энергиясының импортын жүзеге асыратын көтерме сауда нарығының субъектілері; 

3) шартты тұтынушылар, гибридті топ тұтынушылары өздерінің құрамына кіретін объектілер үшін электр энергиясын олардың құрамына кіретін генерациялау объектілерінен де, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан да (оның ішінде, осы Заңның 19-1-бабы 5-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясының үлесін бөлу кезінде) және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан да сатып алған кезде; 

4) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан екіжақты шарттар бойынша электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырған кезде электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері; 

5) ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын мемлекетаралық беруді жүзеге асырған кезде басқа мемлекеттердің уәкілетті ұйымдары төлейді. 

7-2. Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет ақысын жүйелік оператормен жасалған шарт негізінде электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергия беруші ұйымдар, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, тұтынушылар және цифрлық майнерлер, олар осы Заңға сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған кезде және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығымен, оның ішінде теңгерім провайдерлері арқылы теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату операцияларын жүзеге асырған кезде төлейді. 

Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет осы Заңның 13-бабы 7-1-тармағының 4) тармақшасында аталған электр энергиясының көтерме сауда нарығының басқа субъектілерін қоспағанда, осы Заңның 13-бабы 7-1-тармағында аталған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне олар электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған кезде және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығымен теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату операцияларын жүзеге асырған кезде көрсетілмейді. 

8. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың, жүйелік оператордың бірінші басшылары, техникалық басшылары (бас инженері), еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (бөлімінің) басшылары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін біліктілік тексеруден өткеннен кейін тағайындалады. 

Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесі электр станцияларының, электр желілерінің энергетикалық жабдығын, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануды, жөндеуді, баптауды және монтаждауды жүзеге асыратын персонал, сондай-ақ сарапшылар энергетикалық жабдық пен тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану, жөндеу, баптау және монтаждау, сондай-ақ зерттеп-қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға білімін тексеруден өтуге және тиісті қолжетімділігі болуға міндетті. 

9. Елдің жекелеген өңірлерінің суармалы жерлерін суаратын сумен қамтамасыз ету мақсаттары үшін экспорттық өнім берулер мен тауар алмасуды қоспағанда, электр энергиясын Қазақстан Республикасынан тыс жерге сату уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларына сәйкес жүйелік оператор растаған Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның бөліктерінде электр энергиясының профициті жағдайында ғана экспортталатын электр энергиясын өндірудің өзіндік құнынан төмен емес баға бойынша жүзеге асырылады. 

10. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өндірілетін электр энергиясын сатып алу уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларына сәйкес жүйелік оператор растаған Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде немесе оның бөліктерінде электр энергиясының тапшылығы жағдайында ғана жүзеге асырылады. 

11. Осы баптың 9 және 10-тармақтарының талаптары: 

1) шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен бірге авариялық өзара көмек көрсету және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысу үшін электр энергиясы ағымдарының шарттық шамаларын қамтамасыз ету үшін жүйелік оператордың электр энергиясын сатып алуы-сатуы; 

2) Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы шеңберінде және үкіметаралық (мемлекетаралық, ведомствоаралық) келісімдерді (хаттамаларды) орындау үшін шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен электр энергиясын қабылдауды (жеткізуді) қамтамасыз ету жағдайларына қолданылмайды. 

12. Энергия беруші ұйымдар меншікті электр беру желілері мен кіші станциялардың өткізу қабілеті туралы ақпаратты ай сайын өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады. 

13. Энергия өндіруші ұйымдар меншікті генерациялайтын қондырғылардың орталықтандырылған сауда-саттықта сатуға келісімшарт жасалған, жоспарланатын және желіге жіберу үшін бос электр қуаты туралы әрбір күнге арналған ақпаратты өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады. 

14. Цифрлық майнерлер үшін электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды энергия беруші ұйымдар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес рұқсат етілген қуаттылығы кемінде бір мегаватт болатын, кернеуі 35 киловольт және одан жоғары трансформаторлық кіші станциялардан ғана береді. 

Осы тармақтың талаптары: 

1) Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған генерациялайтын қондырғылар өндіретін электр энергиясын пайдаланатын цифрлық майнерлерге; 

2) тиісті қызмет түрімен (дата-орталықтар, өндірістік және өнеркәсіптік ғимараттар) электр желілеріне қосылуға техникалық шарттардың электрондық көшірмелерін ұсынған кезде және энергия беруші не энергия өндіруші ұйым берген техникалық шарттардың орындалуын растаған кезде 2023 жылғы 1 сәуірге дейін энергия беруші ұйымның электр желілеріне қосылуды жүзеге асырған цифрлық майнерлерге қолданылмайды. 

15. Энергия беруші ұйымның энергиямен жабдықтаушы ұйымды таңдауда тұтынушыға кедергі жасауына және шектеуіне тыйым салынады. 

Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 № 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.04 № 166-IV, 2009.07.10 № 178-IV, 2012.07.04 № 25-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 394-V (қолданысқа енгізілу тәртінбін 2-баптан қараңыз); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.11.2020 № 373-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.12.2020 № 380-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2022 № 130-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 194-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 96-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...12 12‑1 13 13‑1 14 ...25

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться