Ст. 15-9 Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588
Электр энергетикасы туралы
15-9-бап. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғылар салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімдер
1. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімдер жылу және электр энергиясын генерациялайтын негізгі жабдыққа қатысты республикалық маңызы бар қалалардағы, құрамында электр станциялары жұмыс істейтін, соның ішінде жылу және электр энергиясын аралас өндіруді жүзеге асыратын жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) энергия өндіруші ұйымдармен ғана жасалады.
2. Уәкілетті органмен отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімді жасасуға ниеттенген энергия өндіруші ұйым отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаны нарық кеңесінің қарауына жібереді.
3. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламамен бірге нарық кеңесіне сондай-ақ:
1) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі тиісті іс-шара туралы ақпарат;
2) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесі;
3) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесіне ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы;
4) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы енгізіледі.
4. Уәкілетті орган айқындаған мерзімнен кеш ұсынылған және осы баптың 3-тармағына сәйкес келмейтін, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламалар нарық кеңесінің қарауына қабылданбайды.
5. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламалар нарық кеңесі қарайтын кезеңде өзгертілуге жатпайды.
Уәкілетті орган энергия өндіруші ұйыммен отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық келісім жасасу (жасасудан бас тарту) туралы шешім қабылдаған кезеңде энергия өндіруші ұйым тиісті инвестициялық бағдарламаға іс-шараның техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгергендігін растайтын құжаттар негізінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өзгерістер енгізуге құқылы.
Бұл ретте энергия өндіруші ұйымдар отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесіне нарық кеңесінің және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын қайтадан алуға міндетті.
6. Осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес нарық кеңесіне ұсынылған, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды нарық кеңесі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қарайды.
7. Нарық кеңесі отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі әрбір инвестициялық бағдарлама бойынша оны іске асырудың орындылығы не орынсыздығы туралы жеке-жеке қорытынды дайындайды.
8. Нарық кеңесінің қорытындысы негізінде уәкілетті орган отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімді жасасу туралы (жасасудан бас тарту туралы) шешім қабылдайды.
Энергия өндіруші ұйым отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараны жүзеге асыруды жоспарлайтын республикалық маңызы бар қалада газ тасымалдау инфрақұрылымының болмауы отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімді жасасудан бас тартуға негіз болып табылады.
9. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімде мынадай ақпарат:
1) энергия өндіруші ұйымдардың атауы;
2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі қамтылады. Бұл ретте энергия өндіруші ұйымның бірыңғай сатып алушымен отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараны іске асыру шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлеміне осы Заңның 15-3-бабының 3-1-тармағы бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар жасасуына тыйым салынады;
3) тиісті инвестициялық қарыздар бойынша төленетін сыйақыны қоса алғанда, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарлама шеңберінде жылу және электр энергиясын генерациялайтын негізгі жабдыққа қатысты инвестицияларды қайтару ескеріле отырып, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі (айлармен) және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі есепке алынып, жылдар бойынша ауыспалы шама ретіндегі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған тариф қамтылады.
Егер отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғылар кезек-кезекпен және (немесе) кезең-кезеңмен және (немесе) іске қосу кешендерімен енгізілетін болса, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған тарифтер енгізілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлемдеріне қарай айқындалады;
4) осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген күннен бастап кемінде он жыл болатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі;
5) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыны пайдалануға берудің жоспарлы күніне сәйкес келетін, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың басталған күні;
6) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі тиісті іс-шара туралы мәліметтер қамтылады.
10. Уәкілетті орган отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісім жасасқаннан кейін бірыңғай сатып алушы осы ұйымдармен инвестициялық келісімде көрсетілген тарифтер бойынша, көлемде және мерзімдерге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар жасасады.
11. Осы баптың 10-тармағында көрсетілген шарттар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу тиісті энергия өндіруші ұйымдар бірыңғай сатып алушыға жүйелік оператордың генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды жүргізу актілерін енгізген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап, бірақ осы баптың 9-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген күннен кейін жүзеге асырылады.
Егер отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғылар кезек-кезекпен және (немесе) кезең-кезеңмен және (немесе) іске қосу кешендерімен енгізілетін болса, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеу енгізілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлемдеріне қарай электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған тарифтермен жүзеге асырылады.
12. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісім жасалған энергия өндіруші ұйымның осы баптың 11-тармағында көрсетілген, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметі іс жүзінде сатып алынған күннен бастап оның электр қуаты жүйелік оператордың генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жыл сайынғы міндетті аттестаттауына жатады.
Егер генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына кезекті аттестаттау жүргізу нәтижесінде отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болса, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына кезекті аттестаттау жүргізілгенге дейін аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
13. Осы баптың шеңберінде отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның жыл сайынғы амортизациясының шамасы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған тарифке енгізілуге жатпайды.
14. Осы баптың күші уәкілетті орган Тізілімге енгізген энергия өндіруші ұйымдарға қолданылмайды.
Ескерту. Заң 15-9-баппен толықтырылды - ҚР 30.06.2022 № 130-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 96-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей