Ст. 19-1 Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588
Электр энергетикасы туралы
19-1-бап. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының кезінде электр энергиясының көтерме сауда нарығының жұмыс істеуі
1. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны уәкілетті орган айқындайды.
2. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы осы Заңның 25-бабының қолданылуын ескере отырып, осы баптың күшіне енгізілуімен бір мезгілде жұмыс істеуін бастайды.
3. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электр энергиясын энергия өндіруші ұйымдардан және (немесе) гибридті топ әкімшісінен:
электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға, тұтынушыларға, сондай-ақ шартты тұтынушыларға сату үшін;
цифрлық майнерлерге сату үшін;
гибридті топ тұтынушыларына сату үшін бір сағат және (немесе) тәулік және (немесе) ай және (немесе) тоқсан және (немесе) жыл (жылдар) бұрын сатып алады;
2) электр энергиясын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға, электр энергиясын тұтынушыларға, шартты тұтынушыларға, гибридті топ тұтынушыларына, сондай-ақ электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарында цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға электр энергиясына шекті тарифтерден жоғары тарифпен уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сатады;
2-1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жасыл тарифтер бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын жасыл энергияны тұтынушыға қысқа мерзімді (бір жыл) немесе ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) негізде сатады;
3) жауапкершілікті беру шарттары шеңберінде жаңартылатын энергия көздерінен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алады;
4) жауапкершілікті беру шарты шеңберінде жаңартылатын көздерге теңгерімдеуші электр энергиясын сатады;
5) электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған ұзақ мерзімді электр энергиясын сатып алу-сату шарты бар жаңартылатын көздермен жауапкершілікті беру шартын жасасады және осы Заңға сәйкес электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында олардың теңгерім провайдері болады;
6) электр энергиясын тиісті сатып алу-сату шарттарын жасасады;
7) электр энергиясының орталықтандырылған саудасына қатысу шартын жасасады;
8) басқа елдердің электр энергиясын берушілерінен (өндірушілерінен) (импорттауды) және (немесе) үкіметаралық келісімде айқындалатын уәкілетті ұйымнан электр энергиясын сатып алуды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және осы электр энергиясын берушілердің (өндірушілердің) бағалары бойынша жүзеге асырады (қажет болған кезде);
9) басқа елдердің тұтынушыларына (экспорттауды) және (немесе) үкіметаралық келісімде айқындалатын уәкілетті ұйымға электр энергиясын сатуды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырады (қажет болған кезде);
10) тарифтерді кезең-кезеңімен өзгертуді жүзеге асыру мүмкіндігі мақсатында тарифтерді саралау арқылы көтерме сауда нарығының тұтынушылары үшін атаулы қолдау көрсетуді уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырады;
11) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығымен теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шартын жасасады;
12) уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес электр энергиясын сатуға арналған болжамды бағаларды айқындайды;
13) энергия беруші ұйымдармен электр энергиясын беруге арналған шарттар жасасады (қажет болған кезде) және уәкілетті орган айқындаған жағдайларда және тәртіппен электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлейді;
14) жүйелік оператормен импортталатын электр энергиясын желіге жіберуді техникалық диспетчерлеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартты жасасады (қажет болған кезде).
4. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы электр энергиясын тұтынудың тәуліктік кестесін жабу үшін электр энергиясын сатып алуды жүйелік оператордың техникалық сараптамасын ескере отырып мынадай тәртіппен (басымдық тәртібімен):
1) 2023 жылғы 1 шілдеден кейін электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты бар жаңартылатын көздерден, Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын осы шарттардың бағаларымен желіге жоспардағы жіберудің толық көлемінде жүзеге асырады.
2023 жылғы 1 шілдеге дейін қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты бар жаңартылатын көздерден, Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамасына сәйкес есептік күнтізбелік айдың қорытындылары бойынша электр энергиясын осы шарттардың бағаларымен желіге нақты жіберудің толық көлемінде;
2) уәкілетті орган бекіткен электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларына сәйкес жылу электр орталықтарынан;
3) электр қуаты нарығында осы Заңның 15-4 және 15-8-баптарына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттар жасасқан энергия өндіруші ұйымдардан қуаты осы шарттардың мәні болып табылатын генерациялайтын қондырғылар желісіне көрсетілген шарттардың қолданылуы ішінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалатын тиісті сағаттық мөлшерлемелерге көбейтілген электр энергиясына тиісті шекті тарифтер бойынша электр энергиясын жоспардағы жіберу көлемінде жүзеге асырады;
4) электр энергиясын тұтынудың тәуліктік кестесін жабу үшін қажетті қалған электр энергиясының желіге жіберілетін жоспарлы көлемдерін бірыңғай сатып алушы электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында сатып алады.
Осы тармақта көрсетілген электр энергиясының жоспарлы көлемдері электр энергиясын тұтынудың тәуліктік кестесін жабу үшін жеткіліксіз болған жағдайда бірыңғай сатып алушы электр энергиясының жоспарлы импортын жүзеге асырады.
Осы тармақта көрсетілген электр энергиясын сатып алу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жұмыс істеуі кезінде:
1) барлық энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға және олармен бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларға не олармен бір гибридті топқа кіретін гибридті топ әкімшісіне ғана сатуды жүзеге асыруға және олармен тиісті электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасуға міндетті.
Бұл ретте жүйелік операторға қуатты автоматты түрде реттеу бойынша қызметтер көрсететін энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын сатудан шарттық көлемнің (реттеу диапазонының) шамасына босатылады;
2) электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған ұзақ мерзімді электр энергиясын сатып алу-сату шарты бар барлық жаңартылатын көздер электр энергиясын Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға ғана сатуды жүзеге асыруға міндетті;
3) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан және (немесе) Тізілімде олармен бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан және (немесе) олармен бір гибридті топқа кіретін гибридті топ әкімшісінен және (немесе) жаңартылатын көздерден ғана сатып алуды жүзеге асыруға және олармен тиісті электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасуға міндетті;
Бұл ретте жасыл энергияны тұтынушылардың электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жасыл тарифтер бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын қысқа мерзімді (бір жыл) немесе ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) негізде сатып алуға құқығы бар;
4) цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден не электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алуды жүзеге асыруға міндетті;
5) электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектілеріне бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатуға тыйым салынады;
6) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, энергия беруші ұйымдар, тұтынушылар және цифрлық майнерлер, осы Заңның 13-бабының 7-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жүйелік оператормен ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының осы Заңның 13-бабы 7-1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсетуге немесе ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттары жоқ, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға, тұтынушыларға және цифрлық майнерлерге электр энергиясын өткізуіне (сатуына) тыйым салынады;
7) шартты тұтынушылар мен гибридті топ әкімшілері республиканың жоспарлы тұтынуының жалпы көлеміндегі олардың электр энергиясын жоспарлы тұтыну үлесін, олардың құрамына кіретін жаңартылатын көздер өндірген электр энергиясының көлемін, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын жаңартылатын көздерден олар сатып алатын электр энергиясының көлемін және электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын көздерден электр энергиясын сатып алуға жұмсаған шығындарын ескере отырып, электр энергиясын бірыңғай сатып алушы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептейтін баға бойынша және көлемде электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алуға, сондай-ақ электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен тиісті электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасуға міндетті;
8) электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шарты бар жаңартылатын көздер арасында Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімі электр энергиясын өндіру-тұтынудың көрсетілген тәуліктік графигінде сақталған кезде электр энергиясын нақты өндіру-тұтынудың тиісті сағаты басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын
өндіру-тұтынудың тәуліктік графигін ұлғайтып (жоғары) немесе азайтып (төмен) өзара түзетуге жол беріледі;
9) осы тармақта көрсетілген электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатып алуы мен сатуы, сондай-ақ тиісті өзара есеп айырысулар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады;
10) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатып алу және сату бағалары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалады;
11) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы электр энергиясын бірыңғай сатып алушының шығындары мен кірістері электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне электр энергиясын сату бағасын айқындау кезінде ескеріледі;
12) жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізілген электр энергиясын сатып алу-сатудың жоспарлы көлемі электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жасасқан барлық электр энергиясын сатып алу-сату шарттары бойынша электр энергиясының көтерме сауда нарығында сатып алынған (сатылған) электр энергиясының көлемі болып табылады;
13) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға өздері сатып алған электр энергиясына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде ақы төлеуге міндетті;
14) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы энергия өндіруші ұйымдарға және жаңартылатын көздерге олардан сатып алынған электр энергиясына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде ақы төлеуге міндетті;
15) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері (электр энергиясын кепілдікпен берушілерден басқа) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алған электр энергиясына ақы төлеу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне сәйкес операциялық тәулік басталғанға дейін ақша қаражатын аудару арқылы жүзеге асырылады;
16) электр энергиясын кепілдікпен берушілер электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алынған электр энергиясына ақы төлеуді уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес факт бойынша жүзеге асырады;
17) аударуға жататын ақша қаражатының сомасы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне сәйкес есептеледі.
6. Электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісі электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне сәйкес операциялық тәулік басталғанға дейін электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алынған электр энергиясы үшін ақы төлемеген жағдайда, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне өтінімі келесі тәуліктерге жіберілмейді (алып тасталады).
7. Энергия өндіруші ұйымдардан сатып алынған электр энергиясы үшін ақшалай қаражат сомасын төлеу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүйелік оператор электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін бекіткеннен кейін жүргізіледі.
8. Шотты ашуға, жүргізуге және оған қызмет көрсетуге байланысты шығындар электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісіне жүктеледі.
9. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының энергия өндіруші ұйымдардан, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын ұйымдардан электр энергиясын, теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді, электр энергиясын беру, оның ішінде ұлттық электр желісі арқылы беру, техникалық диспетчерлендіру, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, орталықтандырылған сауда нарығы операторының көрсетілетін қызметтерін сатып алуға байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.
Осы баптың күші, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы электр энергетикалық нарығына қатысқан жағдайда, оларға қолданылмайды.
Ескерту. Заң 19-1-баппен толықтырылды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 05.07.2023 № 17-VIII (02.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-тарау. Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi авариялық бұзылыстар кезінде электр энергетикасы объектілерін басқару
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей