Ст. 14 Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы 2014 жылғы 10 маусымдағы № 207-V ҚРЗ
Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы
14-бап. Мемлекеттік шекараны кесіп өту
1. Мемлекеттік шекараны кесіп өту: 1) құрлықта, шекаралық өзендерде, көлдерде және өзге де су айдындарында – халықаралық теміржол, автомобиль, өзен және өзге де қатынас жолдарында белгіленетін Мемлекеттік шекараны кесіп өту орындарында;
2) әуе кеңістігінде – Мемлекеттік шекараны халықаралық трассалар кесіп өтетін орындарда немесе осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген әуе дәліздері бойынша;
3) теңізде – халықаралық теңіз қатынасы жолдарында белгіленетін теңіз дәлiздерi шегінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де орындарда Мемлекеттік шекараны кесіп өтуге жол беріледі.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі міндеттерді орындау кезінде шектес мемлекеттің шекаралық органымен келісілген өзге де тәртіппен Мемлекеттік шекараны (аумақтық сулардың сыртқы шекарасын қоспағанда) кесіп өту құқығы беріледі.
3. Шектес мемлекетпен халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы шегінде Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі, сондай-ақ оның аумағында адамдардың болу тәртібі Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
3-1. Адамның теміржол көлігі құралымен:
Қазақстан Республикасының аумағынан шет мемлекеттің аумағы арқылы Қазақстан Республикасы аумағының екінші бөлігіне транзитпен;
шет мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағы арқылы осы шет мемлекет аумағының екінші бөлігіне транзитпен жүріп өту кезінде Мемлекеттік шекараны кесіп өтуі Қазақстан Республикасына кіру және Қазақстан Республикасынан шығу болып табылмайды.
Көрсетілген жағдайларда шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлері Қазақстан Республикасының аумағы немесе шет мемлекеттің аумағы арқылы транзитпен жүріп өту кезінде жолаушыларды түсіруді (отырғызуды), жүктер мен тауарларды түсіруді (тиеуді) жүзеге асыруға тыйым сақталған кезде жүргізілмейді.
Теміржол көлігі құралдарының аялдамай жүруін қамтамасыз ету, жолаушыларды түсіруді (отырғызуды), жүктер мен тауарларды түсіруді (тиеуді) жүзеге асыруға тыйымның сақталуын бақылау көлік ұйымының (жолаушыларды, жүктер мен тауарларды тасымалдаушының) міндеттері болып табылады.
4. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою үшін Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда авариялық-құтқару құралымдарының Мемлекеттік шекараны кесіп өтуінің өзге де тәртібі көзделуі мүмкін.
5. Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріне дейінгі халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарының учаскелерін белгілеу мен жабдықтауға қойылатын талаптарды, олар арқылы жүру тәртібін, сондай-ақ Мемлекеттік шекарада орналасқан халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы периметрінің қазақстандық бөлігін жабдықтауға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
6. Адамдар мен көлік құралдары Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріне және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарға дейін немесе кері бағытта жүрген кезде:
1) белгіленген қозғалыс маршрутын өзгертуге;
2) аялдауға, адамдарды түсіруге (отырғызуға), жүктер мен тауарларды түсіруге (тиеуге), кез келген ұшу аппаратын, оның ішінде пилотсыз әуе кемесін әуеге көтеруге, қондыруға немесе қабылдауға тыйым салынады.
7. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде, сондай-ақ шектес мемлекеттердің жазбаша өтініші бойынша Мемлекеттік шекараны оның жекелеген учаскелері арқылы кесіп өтуді уақытша шектейді немесе тоқтатады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік шекараны кесіп өтуді уақытша шектеу немесе тоқтату туралы хабарламаны мүдделі мемлекеттерге осындай шешім қабылданған кезден бастап жетпіс екі сағат ішінде дипломатиялық арналар арқылы жібереді.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2021 № 11-VII (2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей