Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 11 Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы
11-бап. Акционерлiк инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеу

1. Акционерлiк инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарында және осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.  

РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Акционерлiк инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған құжаттардан басқа, акционерлiк инвестициялық қордың басқарушы компаниямен (ол болған жағдайда), кастодианмен және тiркеушiмен жасасқан шарттарының жобалары, сондай-ақ акционерлік инвестициялық қор құрылтайшыларының жалпы жиналысы не жалғыз құрылтайшысы бекіткен инвестициялық декларация табыс етiледi.  

3. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

4. Акционерлiк инвестициялық қор акциялары шығарылымының проспектiсiнде, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мәлiметтерден басқа: 

1) алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

2) акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алуға өтiнiмдер берудiң және оларды орындаудың шарттары мен тәртiбi;  

3) акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын орналастыру және (немесе) сатып алу жөнiндегi делдалдардың (олар болған жағдайда) орналасқан жерi мен байланыс телефондарының нөмiрлерi көрсетiле отырып, олардың тiзбесi болуға тиiс.  

5. Уәкiлеттi орган өзiне табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген немесе берiлген құжаттарда қайшылықты, жаңылыстыруға әкеп соқтыратын мәлiметтер болған жағдайда, акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқылы.  

6. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге бас тарту негiздемелерiн көрсете отырып акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi.  

7. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...48

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться