Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 33 Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2024

Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы
33-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiздемелер

1. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату мынадай жағдайларда:  

1) инвестициялық пай қорын құрудың қор ережесiнде белгiленген мерзiмi өтсе; 

2) пайларды бастапқы орналастыру аяқталған соң инвестициялық пай қорының таза активтерінің құны инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгi мөлшерiне қойылатын талапқа сәйкес келмесе; 

2-1) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру аяқталған күні осы Заңның 23-бабының 4-тармағында айқындалған талап орындалмаса; 

3) пайларды сатып алу жөнiндегi өтiнiмдердi орындау нәтижесiнде инвестициялық пай қоры активтерiнiң құны инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төменгi мөлшерiне қойылатын талапқа сәйкес келмесе және осы сәйкессiздiк ол туындаған күннен бастап екi ай iшiнде жойылмаса;  

4) басқарушы компания немесе кастодиан өзiнiң шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындауға бұдан әрi мүмкiндiгi жоқ екендiгiне байланысты қор активтерiн басқару немесе қор активтерiн есепке алу және сақтау жөнiндегi функцияларды бұдан әрi орындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдаса және егер көрсетiлген шешiмдi қабылдаған кезден бастап үш ай iшiнде инвестициялық пай қоры ережесiне жаңа басқарушы компания және жаңа кастодиан тағайындауға қатысты өзгерiстер күшiне енбеген болса;  

5) басқарушы компанияның, кастодианның бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң тиiстi түрiн жүзеге асыруына берiлген лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрса және егер үш ай iшiнде лицензияның қолданылуы қайта басталмаса немесе инвестициялық пай қоры ережесiне жаңа басқарушы компания, жаңа кастодиан тағайындауға қатысты өзгерiстер күшiне енгiзiлмесе;  

6) басқарушы компанияның немесе кастодианның бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң тиiстi түрiн жүзеге асыруына берiлген лицензиясынан айырылса және егер лицензиясынан айырылған кезден бастап екi ай iшiнде инвестициялық пай қоры ережесiне жаңа басқарушы компания немесе жаңа кастодиан тағайындауға қатысты өзгерiстер күшiне енбеген болса;  

7) жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы оның жұмыс iстеуiн тоқтату туралы шешiм қабылдаса;  

8) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де негiздемелер бойынша жүзеге асырылады.  

2. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiз туындаған кезден бастап, кредиторлармен есеп айырысуларды жүзеге асыруды, қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстарды төлеудi және қалған активтерді пайлар ұстаушыларына қайтаруды қоспағанда, инвестициялық пай қорының активтерiн жұмсауға жол берiлмейдi. 

Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
34-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатуды жүзеге асыратын тұлғалар  

1. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатуды қордың басқарушы компаниясы жүзеге асырады. Жабық инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату үшiн басқарушы компания пай ұстаушылардың жалпы жиналысын шақырады және өткiзедi.  

2. Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе одан айырылған жағдайда қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуды осы қордың кастодианы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.  

3. Кастодиан лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе одан айырылған жағдайда қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуды лицензиясының қолданылу-қолданылмауына қарамастан қордың басқарушы компаниясы жүзеге асырады.  

4. Басқарушы компания және (немесе) кастодиан инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi тоқтатылған кезде осы Заңның және қор қағидаларының талаптарына сәйкес қор активтерiн өткізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға, инвестициялық пай қорының кредиторларымен есеп айырысуды жүзеге асыруға, қордың жұмыс iстеуiнiң тоқтатылуына байланысты шығыстарды төлеуге және қалған ақшаны пай ұстаушылардың арасында бөлуге мiндеттi. 

Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар келіскен жағдайда, басқарушы компания және (немесе) кастодиан осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды төлегеннен кейін қалған ақшаны бөледі және өткізілмеген активтерді инвестициялық қор қағидаларында белгіленген тәртіппен пайларды ұстаушылардың меншігіне береді. 

5. Уәкiлеттi орган инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату рәсiмiн бақылау үшiн өз өкiлiн жiберуге құқылы. 

Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
35-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату  

1. Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы немесе кастодианы қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiз туындаған кезден бастап үш жұмыс күн ішінде:  

1) пай ұстаушыларға, уәкiлеттi органға, инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн ұйымдарға қоp кредиторларына және қор активтерiмен жасалған мәмiлелерi орындалмаған тараптарға инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатқаны, осы рәсiмдi жүргiзу шарттары мен тәртiбi туралы хабарлама жеткiзуге;  

2) пай ұстаушылар тiзiлiмiндегi мәмiлелердi тiркеудiң тоқтатылған күнiн көрсете отырып, осы қордың пай ұстаушылар тiзiлiмiндегi есептiк шоттар бойынша операцияларды тоқтату үшiн орталық депозитарийге талап жiберуге мiндеттi.  

Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату және мәмiлелердi тiркеудi тоқтату туралы ақпарат аталған тұлғаларға қор ережесiнде айқындалған шарттар мен тәртiпте жеткiзiледi.  

Кредиторлардың инвестициялық пай қорының активтерi есебiнен қанағаттандырылуға тиiс талаптарды беру мерзiмi қордың жұмыс iстеуiн тоқтату туралы оларға хабарланған күннен бастап бiр айдан кем болмауға тиiс.  

2. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi оның пайларын бастапқы орналастыру мерзiмi аяқталғанға дейiн немесе пайларды бастапқы орналастыру аяқталған күні осы Заңның 23-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес келмеуiнен тоқтатылған кезде басқарушы компания немесе кастодиан қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiз туындаған кезден бастап он күннен кешiктiрмей пай ұстаушыларға ақшаны қайтаруға мiндеттi.  

3. Басқарушы компания немесе кастодиан талаптары қор активтерiнiң есебiнен қанағаттандырылуға тиiс кредиторларды анықтау және инвестициялық пай қорының ол жұмыс iстеп тұрған кезеңде төленген, бiрақ жеткiзiлмеген (қордың меншiгi ретiнде тiркелмеген) активтерiн алу жөнiнде шаралар қолданады.  

4. Кредиторлардың инвестициялық пай қоры активтерiнiң есебiнен қанағаттандырылуға тиiс талаптарды беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн және аталған кредиторлармен есеп айырысулар басталғанға дейiн қордың басқарушы компаниясы және (немесе) кастодианы инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамы мен құны туралы, кредиторлар қойған талаптар туралы, қордың төленген, бiрақ жеткiзiлмеген активтерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ жоғарыда көрсетiлген мәлiметтердi қарау нәтижелерi мен одан кейiнгi әрекеттер туралы есеп жасайды және уәкiлеттi органға жiбередi. 

Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...31 32 33 34 35 ...48

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Хочу знать в коктереке есть лекарь китаец вост.медицины



Здравствуйте.Соседи установили дверь в тамбур и изнутри ее закрывают,не могу попасть к себе домой.Подала в суд,медиацией дали им 14 дней на демонтаж её,приписав ст 278 ГПК РК. Если они через год поставят новую дверь,смогу ли снова подать в суд по этому поводу? Эта статья только конкретно по этому заявлению или же вообще по этому поводу? Спасибо


Добрый день Толеген Жангельдинович могу ли получить вашу консультацию?В квартире на первом этаже сделан офис бух услуги работаем удаленно соседка с 4 этажа не даёт работать пишет во все инстанции требуя вывести отдельный вход подала в суд


Саламатсызба! Менің әкем ауылдың акиматында биржа арқылы газ операторы жұмысшысы ретінде 6 ай жасап,өз еркімен жұмыстан босатылды.Енді осы 6- айға отпускной төленеме


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться