Ст. 46-3 Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576
Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы
46-3-бап. Венчурлік қор шарты
1. Венчурлік қор шарты бойынша екі немесе одан көп тұлға пайда табу үшін өздерінің салымдарын біріктіруге және заңды тұлға құрмастан венчурлік қаржыландыру жөніндегі бірлескен қызметті жүзеге асыруға міндеттенеді. Венчурлік қор шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде жазылған шарт бостандығы қағидатының негізінде жасалады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, сондай-ақ көзделмеген, бірақ оған қайшы келмейтін түрлі шарттардың элементтерін қамтуы мүмкін. 2. Венчурлік қор шартында тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және венчурлік қор шартында белгіленген шектерде және көлемде қатысады, бұл ретте бір немесе бірнеше тарап (венчурлік басқарушылар) венчурлік қордың жалпы істерін жүргізуді осындай шарттың барлық тараптары атынан жүзеге асырады.
3. Жеке тұлғалар, коммерциялық ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда коммерциялық емес ұйымдар венчурлік қор шартының тараптары бола алады.
4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдік құқық бойынша заңды тұлғалар болып табылмайтын шетелдік ұйымдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең түрде венчурлік қор шартының тарапы ретінде қатысады.
5. Венчурлік басқарушының, егер венчурлік қор шарттарының ең болмағанда біреуінде қатысуға тыйым салынған болса, бір мезгілде екі немесе одан да көп венчурлік қор шарттарына қатысуға құқығы жоқ. Венчурлік басқарушы көрсетілген шектеуді бұза отырып жасаған венчурлік қор шарты осы шарттың кез келген басқа тарапының талап етуі бойынша венчурлік басқарушыға мұндай шарттың барлық тараптарына осыған байланысты өзі келтірген шығындарды өтеу міндетін жүктей отырып, сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін.
6. Венчурлік қор шартында оны дараландыру мақсатында "венчурлік қор" деген сөздерді қамтитын осы шарттың атауы (жеке-дара белгіленуі) көрсетіледі.
7. Венчурлік қор шарты тарапының ол бойынша өз құқықтары мен міндеттерін басқа тұлғаға беруі, оның ішінде құқықтық мирасқорлық нәтижесінде беруі, сондай-ақ жай серіктестіктің венчурлік қорына жаңа қатысушыны қабылдау қолданыстағы венчурлік қор шартын тоқтатуға және оның барлық тараптары арасында жаңа венчурлік қор шартын жасасуға алып келмейді.
Егер венчурлік қор шарты тараптарының келісімінде өзгеше көзделмесе, жай серіктестіктің венчурлік қорына жаңа қатысушыны қабылдау осы шартта белгіленген талаптарда, жалпы шартқа қатысуға ниеті бар тұлғаны қосу арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда, венчурлік басқарушы мен осындай тұлға арасында венчурлік қордың жаңа қатысушысының ортақ іске салым енгізу жағдайларын, тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын қосылу туралы келісім жасалады. Бұл ретте венчурлік қор шартына өзгерістер енгізу талап етілмейді.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей