Ст. 62 Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы
62-бап. Борышкердiң мүлкiне тыйым салу
1. Сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында борышкердің мүлкіне, оның ішінде заңда көзделген жағдайларда прокурордың санкциясымен тыйым салуға міндетті. Бұл ретте сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету үшін өндіріліп алынатын сомаға мөлшерлес, борышкерге тиесілі бүкіл мүлікке бір мезгілде тыйым салуға құқылы. 2. Борышкердiң мүлкiне тыйым салу осы мүлiкке иелік етуге тыйым салудан, сондай-ақ борышкердiң банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы ақша сомаларын пайдалануға және оларға иелік етуге тыйым салынғанын хабарлаудан тұрады, бұл жөнiнде борышкердiң мүлкiне тыйым салу туралы қаулы шығарылады.
3. Борышкерге меншiк, шаруашылық жүргiзу және оралымды басқару құқығында тиесiлi мүлiкке, оның қайда және iс жүзiнде кiмнiң пайдалануында екендiгiне қарамастан (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгiленген шектеулер ескерiле отырып), тыйым салынуы мүмкiн.
Мыналарға:
1) мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға және (немесе) электрондық ақшаның электрондық әмияндарындағы электрондық ақшаға;
2) тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
2-1) тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
3) тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;
4) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға;
5) "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға;
6) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының банктік шоттардағы активтеріне;
7) уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату (қызметін мәжбүрлеп тоқтату) процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасына;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге қатысты талаптар бойынша ақшаны алып қоюға қолданылмайды;
8-1) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
8-2) номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.
9) клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын қаржы құралдарына;
10) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар түрінде екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаға;
11) жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
12) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
12) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
13), 14) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған репо операциялары бойынша нысана болып табылатын мүлікке азаматтық сот ісін жүргізу барысында осы репо операциялары жабылғаннан кейін ғана тыйым салынуы мүмкін.
Сот орындаушысының банктік шоттардың нөмірлері және оларда ақшаның бар-жоғы туралы ақпаратты, банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы мүліктің сипаты мен құны туралы мәліметтерді талап ету және оларға тыйым салу туралы прокурор санкциялаған қаулысында сол соманың шегінде тыйым салынатын ақша сомасы көрсетіледі.
Сот орындаушысының прокурор санкциялаған қаулысы банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жіберілуі мүмкін.
4. Егер борышкер мүлкiнiң басқа тұлғаларда болуы олардың арасында жасалған шартқа байланысты болған жағдайда, басқа адамдардың шарттан туындайтын құқықтарын сақтау мүмкiндiгi туралы және мүлiктi алып қою туралы мәселенi талап-арыз iсін жүргiзу тәртiбiмен сот шешедi.
5. Сот орындаушысының мүліктен өндіріп алу жөніндегі әрекеттерді жасауына кедергі келтіру, сот орындаушысының тыйым салынған мүлікке билік етуге немесе оны пайдалануға тыйым салуын бұзу, сондай-ақ тыйым салынған мүлікке қатысты өзге де заңсыз іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
6. Борышкердің банктік шотындағы ақшасына атқарушылық санкцияны, орындау жөніндегі шығыстарды және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуді ескере отырып, атқарушылық құжатты орындау үшін қажетті сомада тыйым салынады.
Егер инкассолық өкім негізінде ақшаны өндіріп алу толық көлемде жүргізілген жағдайда, инкассолық өкім орындалған атқарушылық іс жүргізу шеңберінде бұдан бұрын салынған тыйым алып тасталды деп есептеледі, ал тыйым салу туралы қаулы оның бастамашысына қайтарылуға тиіс.
Ескерту. 62-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2017 № 114-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Салеметсіз бе салық баскармасының кабинетине эцп кілт арқылы арыз жазасыз на возрват денег деген
Сәлеметсіз бе? Атамның микрокредитін қателесіп өз атымнан УГД төлеп жібердім, қалай қайтарып алуға болады?
здраво свима, овде сам да поделим мало сведочанства. Моје име је Наоми Самуел, имам 40 година, удала сам се са 31, имам само једно дете и живела сам срећно до краја живота. После годину дана брака мој муж је постао тако чудан и не разумем баш шта се дешава, он је препун од куће до друге жене, толико га волим да и не сањам да ћу га изгубити, дајем све од себе да будем сигуран муж ми се враћа, али све без помоћи, плачући и плачући тражећи помоћ, причала сам о томе са његовом породицом али нисам добила одговор. Тако је моја најбоља пријатељица Ана Јохансон обећала да ће ми помоћи. Причала ми је о човеку по имену др Апата, рекла ми је да је он велики човек и прави човек коме се може веровати и да нема никакве везе са љубавним проблемима које не може да реши и рекла ми је како је помогао безбројним људима у обнављању њиховог односа . Био сам заиста убеђен, брзо сам контактирао његову имејл адресу, драпата4 @гмаил.цом или његов ВхатсАпп/вибер са тим бројем (+66 81 302 8552). Објаснио сам му све своје проблеме, рекао ми је да не морам да бринем да ће сви моји проблеми бити одмах решени. Рекао ми је шта да радим да вратим мужа, а ја сам то рекла, рекао је да ће се после 3 дана мој муж вратити и почети да моли, и то се заиста догодило како је рекао, била сам веома изненађена, то је тако невероватно. Слава нашег односа са Богом је сада веома блиска и обоје живимо срећно до краја живота. Ако наиђете на сличан проблем, одмах га контактирајте и решите проблем једном заувек. И ја сам живи сведок
Мој бивши муж и ја смо раскинули пре годину и два месеца, а ја сам била у шестом месецу трудноће. Обоје се волимо и то је био шок за мене и заиста ми је сломило срце. Покушао сам да га позовем и обе линије су биле прекинуте. Покушао сам да дођем до њега на друштвеним мрежама, али ме је склонио са њих. Покушао сам да дођем до његових родитеља и они су ми рекли да је њихов син рекао да ме не воли и да не жели да ме види и да не знају шта није у реду. Плакала сам и плакала сваки дан јер сам га много волела. Док се нисам породила и беба није имала годину дана, нисам могла да вратим своју љубав. Опет сам био збуњен. Не знам шта да радим, а остала сам и без посла и немам новца да се бринем о беби. Била сам несрећна у животу па сам плакала сестри и рекла јој свој проблем и рекла да зна за моћну чаролију која је бачена др апатом која јој помаже када није могла да затрудни. Контактирала сам га путем е-поште и он је рекао да ће ми помоћи и рекао ми је да је жена ставила чини на мог мужа и рекла да ће ми помоћи да разбијем чини тако да ће ми се муж заувек вратити и да ће бити мој. За мене је било велико изненађење што се догодило све што је рекао. Муж ми се одмах вратио и рекао ми да му опростим. Хвала вам пуно овом моћном и искреном чаролију. Молим се да ће дуго живети и радити више од свог дивног дела. Ако имате проблем који вас мучи у животу, обратите се овом моћном играчу чаролија! Он ти може помоћи. Неће вас изневерити, можете га контактирати преко гмаил адресе: драпата4@гмаил.цом или га можете контактирати преко његовог вибера/вхатсапп-а:(+66 81 302 8552)
Салеметсиз бе!Бизде 49жылга берилген жер бар еди Акемнин атында.Бирак ГосАкт Акемнин бауырында.Ол киси гос актты бермейди не корсетпейди.бизге жер сатылды деп колхат жаздырып акша Берген еди бираз.Биз бирак нотариуска да бармадык купли продажанын кагаздарын да кормедик
Биздин келисимизсиз сатып жибере ала ма Ол киси?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей