Ст. 67-1 Бiлiм туралы № 319-III от 27.07.2007 жылғы
Бiлiм туралы
67-1-бап. Өтпелі ережелер
1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша берілген, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың қолданылу мерзімі қызметтің кіші түрі атауының өзгеруіне байланысты 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін оқуға түскен адамдардың оқу кезеңіне қолданылады.
2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша берілген, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар қызметтің кіші түрі атауының өзгеруіне байланысты қайта ресімделген жағдайда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін өздеріне оқуға қабылданған адамдарға мамандықтар бойынша білім туралы құжатты беруге құқылы.
3. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның осы Заңның 57-бабы 3-1-тармағының екінші бөлігінде белгiленген қолданылу мерзiмi осы норма қолданысқа енгізілген кезге дейін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына берілген лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға қолданылмайды.
4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша берілген, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың қолданылу мерзімі қызметтің кіші түрінің (кіші түрлерінің) атауы өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін оқуға түскен адамдардың оқу кезеңіне қолданылады.
5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша берілген, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар қызметтің кіші түрінің (кіші түрлерінің) атауы өзгеруіне байланысты қайта ресімделген жағдайда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін өздеріне оқуға қабылданған адамдарға біліктілігі бойынша білім туралы құжат беруге құқылы.
Ескерту. 12-тарау 67-1-баппен толықтырылды – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.05.2022 № 118-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2024 № 64-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Племянник угнал машину. Прав не имеет. Я на ней езжу по страховке. Собственник другой человек. Племяннику штраф выписали. Но так же выписали за передачу руля. Кому он придёт? Тому, кто в техпаспорте или тому, кто в страховке? Как избежать такого штрафа, если машину взяли без моего ведома?
2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?
Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей