Ст. 137 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
137-бап. Бақылау нысандары
1. Бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін бақылау:
1) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын, алдын алу-профилактикалық сипаттағы профилактикалық бақылау;
2) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Кодексте, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда – Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын тексерулер;
3) тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырылады.
2. Профилактикалық бақылау мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау;
3) бақылау мақсатында сатып алу.
3. Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер (бұдан әрі – талаптарға сәйкестігін тексеру);
2) жоспардан тыс тексерулер.
4. Бақылау нысандарының бірі ретінде тергеп-тексеру осы Кодекстің 144-4-бабына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын бақылау және қадағалау органдары әрекеттерінің кешенін білдіреді.
5. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексерулерді бақылау және қадағалау органдары мынадай әрекеттердің бірін жасау:
1) бақылау және қадағалау органы лауазымды адамының бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) баруы;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты сұрату;
3) бақылау мен қадағалау субъектісінің осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағында және 143-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту арқылы жүргізеді.
6. Бақылау мен қадағалау субъектілерінің осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес тексеру парақтарында белгіленген талаптарды сақтауы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нысанасы болып табылады.
7. Бақылау шеңберінде осы Кодекстің 136-бабының ережелеріне сәйкес жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.
Бақылау және қадағалау органы бақылау жүргізу барысында жедел ден қою шарасын (шараларын) қолдануға негіз болып табылатын талапты бұзу фактісін анықтаған кезде жедел ден қою шарасын (шараларын) қолдану туралы қадағалау актісін (нұсқаманы, актіні, қаулыны) ресімдейді.
Ескерту. 137-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Доброго времени суток!
Нуле совет в ситуации: без предупреждения отстранили от работы бухгалтера, и начали инвентаризацию без неё. Первая проверка была в ее пользу почти на 1.5 млн. Назначили следующую. Без приказа, без подписи, только голосовое уведомление через ватсап. Она не вышла по этой причине на работу, ждала окончание проверок. Через 2,5 недели высылают уведомление о расторжении трудового договора, в связи с проектом. Как быть?
Добрый вечер! Мне оформили страховку во время получения микрокредита в банке, кредит оформлен на 60 дней
, а страховка на 45 дней, почему? Сегодня заканчивается срок страховки, а закрыть кредит я иду завтра, вернут ли мне страховку
По решению суда первой инстанции по гражданским делам от 06.02.2004 года был судебный акт и в 2009 году данный судебный акт был оспорен и в 2017 году переименованный банк по этому решению передает информацию в ТОО "ПКБ", который испортил мою кредитную историю и по сегодняшний день все банки отказывают мне в предоставлении финансовых услуг вот уже в течении 8 лет на все мои заявление в банк просит мне показать квитанцию об оплате банковской задолженности а то, что я показываю справку от Территориального отдела судебных исполнителей ДЮ Жамбылской области и копию договора залога полученные в 2009 году, где на каждом листе стоит штамп банка и подпись юриста их не устраивает и все мои обращение до Верховного суда были отказаны и все как один мотивируют тем, что у меня нету доказательства, а какие им нужны доказательства в своих решениях не указывают а просто отказывают в моем иске
По договору залога были заложены ТНП за время длительного отсутствия Залогодателя в связи с тяжелой и продолжительной болезни Залогодержатель незаконно реализовал все заложенные движимые и недвижимые имущества и вырученные средства присвоил себе а потом данный банк был ликвидирован и активы и обязательства были переданы другому банку и он теперь является владельцем я могу ему предъявит иск в суд о возмещении потерянных моих движимых и недвижимых имуществ
Здравствуйте! Брат был признан недееспособным и был на учете до совершения сделки. И оказывается подарил (договор дарения) квартиру отцу, сделка была совершена в 2011 году, о чем отец молчал. Квартиру продали, либо переоформили на племянницу мачехи. Брата не стало 2 года назад, я отсутствовала в стране, тому есть доказательства. Можно ли признать эту сделку недействительной через суд? Спасибо!
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей