Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 149 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 28.11.2024

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
149-бап. Өнім үлгілерін іріктеу тәртібі

1. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру, тергеп-тексеру кезінде өнім үлгілерін іріктеу жүргізіледі. 

Іріктеп алынатын өнім үлгілерінің саны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің және нормативтік құжаттарының өнімге және өнімді сынау әдістеріне қойылатын талаптарына сәйкес айқындалады. 

2. Өнім үлгілерін іріктеуді бақылау мен қадағалау субъектісі басшысының немесе өкілінің және бақылау мен қадағалау субъектісі уәкілетті адамының қатысуымен бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы жүргізеді және ол өнім үлгілерін іріктеу актісімен куәландырылады. 

Іріктеп алынған өнім үлгілері жинақталған, қапталған және пломбаланған (мөрленген) болуға тиіс. 

3. Өнім үлгілерін іріктеу актісі үш данада жасалады. Актінің барлық данасына өнім үлгілерін іріктеп алған бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы және бақылау мен қадағалау субъектісінің басшысы не өкілі және бақылау мен қадағалау субъектісінің уәкілетті адамы қол қояды. 

Өнім үлгілерін іріктеу актісінің бір данасы жолдамамен және тиісті түрде іріктеп алынған өнім үлгілерімен бірге сараптама (талдау, сынақ) жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкілеттік берілген ұйымға жіберіледі. 

Өнім үлгілерін іріктеу актісінің екінші данасы бақылау мен қадағалау субъектісінде қалады. 

Өнім үлгілерін іріктеу актісінің үшінші данасы өнім үлгілерін іріктеуді жүзеге асырған бақылау және қадағалау органының лауазымды адамында сақталады. 

Өнім үлгілерін іріктеу актісінде: 

1) жасалған орны мен күні; 

2) бақылау және қадағалау органы басшысының өнім үлгілерін іріктеуді жүзеге асыруға негіз болған шешімінің күні мен нөмірі; 

3) бақылау және қадағалау органының өнім үлгілерін іріктеуді жүзеге асыратын лауазымды адамдарының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе); 

4) өнім үлгілерін іріктеу жүргізілетін бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы және тұрған жері; 

5) бақылау мен қадағалау субъектісі басшысының немесе өкілінің және бақылау мен қадағалау субъектісі уәкілетті адамының лауазымы мен тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе); 

6) өндіруші, өндірілу күні, партия сериясы (нөмірі), үлгілердің жалпы құны көрсетілген іріктеп алынған өнім үлгілерінің тізбесі мен саны; 

7) қаптаманың түрі және мөр (пломба) нөмірі көрсетіледі. 

4. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары іріктеп алған өнім үлгілерін зертханалық зерттеуге жұмсалатын шығыстар бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады. 

Ескерту. 149-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...147 148 149 150 151 ...324

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, можно ли в одном свидетельстве о наследстве указать все виды имущества: квартиры, машины, счета? Или на каждое имущество обязательно должно быть отдельное свидетельство?


Добрый день, на основе ст 87 ТК РК и п 6.: отпуск на постановку на медицинский учет по беременности до двенадцати недель в количестве не менее трех рабочих дней, могу ли я запросить отпуск после 12 недель, чтобы пройти обследование у узких специалистов, требующих свое заключение на постановку на учет по беременности? И могу ли оформить социальный отпуск раздельно по 1 дню в дни записи к врачам?


Основы права является также частью образовательной программы и они не имеют право его полностью убирать или заменять. Это прописано в Приказе Министра просвещения Республики Казахстан от 3 августа 2022 года № 348 «Об утверждении государственных общеобязательных стандартов дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего и общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования» (с изменениями и дополнениями по состоянию на 01.09.2024 г.) Пункт - 25. Содержание образования по учебным предметам стандартного уровня естественно-математического направления: Подпункт 3)Основы права, то есть этот предмет является также важной частью школьной программы. Почитай Закон "Об образовании" РК и приказ министра который я упомянул выше.


Здравствуйте. Если я правильно понял ситуацию, то да. На основание статьи 1067 ГК РК ваши дети по праву представления имеют право вступить в наследство бабушки (мамы вашего мужа) в качестве потомков вашего мужа. Доля вашего мужа в наследстве его мамы будет принадлежать детям. Вам необходимо в течение 6 месяцев вступить в наследство бабушки у нотариуса в качестве представителей ваших детей.


Здравствуйте! Разьясните пожалуйста статью 1067 ГК РК наследование по праву представления. Супруг умер в 2017 году,в наследование вступили дети,его мама и я. А по статье 1067 могут ли несовершенолетние дети вступить в наследование от бабушки, можно ли определить долю наследования.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться