Ст. 218 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
218-бап. Тергеп-тексеруді жүргізу
1. Нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде осы Кодекстің 216-бабының 2-тармағында көзделген мәліметтерді қарау шеңберінде белгіленетін, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін нақты деректер болған жағдайда, монополияға қарсы орган тергеп-тексеруді жүргізу туралы бұйрық шығарады. 2. Монополияға қарсы орган:
1) осы Кодекстің 169-бабының 3-тармағында, 170-бабының 1-тармағында көзделген белгілер болған кезде тергеп-тексеру жүргізілгенге дейін нарық субъектісінің үстем үлесін айқындау мақсатында тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді;
2) осы Кодекстің 174-бабында көзделген белгілер болған кезде, тергеп-тексеру жүргізілгенге дейін нарық субъектісінің үстем немесе монополиялық жағдайын анықтау мақсатында тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді.
Бұл ретте осы нарық субъектісіне қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары оның нақты үстем болған кезеңіне қолданылады.
3. Тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрықта:
1) тергеп-тексеру объектісінің немесе объектілерінің атауы;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу үшін негіздер;
3) тергеп-тексеру объектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) байқалатын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілері;
4) тергеп-тексерудің басталу және аяқталу датасы;
4-1) тергеп-тексеру нысанасы;
4-2) тексерілетін кезең;
5) монополияға қарсы органның тергеп-тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген лауазымды адамының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
6) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеруге қатысатын адамдардың құқықтары қамтылуға тиіс.
4. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Монополияға қарсы орган тергеп-тексеру мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол екі айдан аспауға тиіс. Мерзімді ұзарту туралы бұйрық шығарылады, бұйрықтың көшірмесі ол шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш беруші мен тергеп-тексеру объектісіне жіберіледі.
5. Монополияға қарсы орган тергеп-тексеру басталғанға дейін тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну арқылы оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркейді.
6. Монополияға қарсы орган тергеп-тексеру барысында бірнеше тергеп-тексеруді біреуіне біріктіру туралы немесе бөліп алу және жеке тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім қабылдай алады.
7. Біріктірілген тергеп-тексеруді жүргізудің мерзімі уақыты бойынша бірінші тергеп-тексеруді жүргізу басталған күннен бастап есептеледі.
Ескерту. 218-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте, каков порядок реорганизации школ в РК? Как происходит процедура реорганизации? Где можно ознакомится с порядком и правилами осуществления реорганизации основной школы в начальную?
добрый день по вашему вопросу по применению 190 УК РК не возможно
Добрый день надо ознакомится с документами
Здравствуйте, Всё началось в сентябре месяце 2022 года. Мошенники завладели моим имуществом машиной Субару Форестер и квартирой. Заведено уголовное дело № 227580031000990 по ч. 3 ст. 190 УК РК (мошенничество). Можно ли признать сделки не действительными? Меня выселяют из квартиры. А это моё единственное жильё. Я пенсионерка, мне 66 лет. Прошу вас о помощи. Что нужно дела? Дело находиться в Департаменте Полиции. Мошенники задержаны. Как то так.
Здравствуйте, подруга часто просила деньги в долг я ей занимала , всегда возвращала вовремя . В один день попросила взять кредит для нее , я взяла уже год данный человек не платит кредит . В суд писала дали исполнительный лист , имущества на данном человеке не зарегистрировано. В рувд сказали написать в Министерство юстиции по бездействию судебного исполнителя . Суд же принял заявление и решение было в мою пользу , но Элянур не платила кредит , после чего мне дали исполнительный лист для обращения в рувд . Как мне применить статью 190 РК у данному человеку ?! Помогите решить вопрос
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей