Ст. 241-3 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
241-3-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілері
1. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілеріне инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалар жатады. 2. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілері:
1) технологиялық болжамдауды жүргізуде, мемлекеттік технологиялық саясатты іске асыруда және инновациялық инфрақұрылымды дамытуда әдіснамалық және консультациялық қолдау көрсетеді;
2) инновацияларды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
3) инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына қатысу, шетелдік қатысатын заңды тұлғаларды құру, инвестициялық және венчурлік қорларды құру немесе оларға қатысу арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен инновациялық жобаларға инвестицияларды жүзеге асырады;
4) технологиялық тұғырнамаларды, технологияларды коммерцияландыру орталықтарын, технологиялық парктерді, бизнес-инкубаторларды, акселераторларды, технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын, технологиялық даму орталықтары нысанындағы бірлескен кәсіпорындарды құруға, басқаруға және үйлестіруге қатысады;
5) экономиканың басым секторларының технологиялық дамуын ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;
6) іске асырылатын инновациялық жобалар, енгізілген технологиялар, технологиялық болжамдау бойынша жүргізілген талдамалық зерттеулердің нәтижелері туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
7) бизнес-инкубациялау, стартаптарды акселерациялау, технологияларды коммерцияландыру және технологиялар трансферті, инновациялық қызмет субъектілерінің кадрлық, басқарушылық және өндірістік әлеуетін күшейту бойынша мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыруға қатысады;
8) мемлекеттік органдарға инновациялық қызмет мәселелері бойынша сараптамалық қорытындылар және (немесе) ұсынымдар береді;
9) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар беру бойынша қызметтер көрсетеді;
10) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік технологиялық саясатты іске асыру бойынша қызметтер көрсетеді;
11) тәуекелмен инвестициялаудың инвестициялық қорларын, венчурлік қорларды және венчурлік қаржыландыруды дамытуға жәрдем көрсетеді;
12) маркетингтік және өзге іс-шараларды өткізу, әлеуетті инвесторларды іздестіру бойынша инновациялық қызмет субъектілеріне акселерациялау, бизнес-инкубациялау қызметтерін ұсынады;
13) инновацияларды ақпараттық-насихаттық қолдауға, оның ішінде инноваторлар, рационализаторлар мен өнертапқыштар арасында конкурстар өткізуді ұйымдастыру арқылы қатысады;
14) қайырымдылық ұйымдарына, эндаумент-қорларға инновациялық жобаларға сараптама, мониторинг жүргізу жөнінде қызметтер көрсете алады;
15) инновациялық жүйенің тиімділігіне тәуелсіз талдау жүргізу үшін инновациялар мен технологияларды дамыту жөніндегі шараларды іске асыру туралы инновациялық обсерваторияға жыл сайынғы ақпаратты береді.
Ескерту. 241-3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Добрый день, подскажите пожалуйста, в 2022 году встала в очередь на жилье с двумя детьми, как неполная семья. Очередь не дождалась, взяла кредит и в 2024 году приобрела жильё. Снимут ли меня с очереди?
Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда
И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо
Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка
Если Банк в 2017 году руководствуясь заочным решением городского суда от 2004 года, которого вообще не должно быть по факту того, что кредит был получен под залог ТНП в 20 раз превышающую сумму кредита и первый банк полностью удовлетворил свои требования реализовав без обращения в суд заложенные имущества и воспользовавшись моим длительные годы болезней еще подают в суд иск о моей задолженности и суд не смотря на то, что Залогодержатель в случае несвоевременного погашения банковского займа, имеет рпаво полностью удовлетворит свои требования с залога, а второй банк, который во время приемки активов и обязательств первого банка через 15 лет согласно данного решения суда в обход всех установленных норм права через ТОО"ПКБ" делается запись в моей кредитной истории о просроченной задолженности ис 2017 года по сегодняшний день все банки отказывают в финансировании мою компанию и в том числе меня в таком случае, для отмены данного решения суда от меня требуется ходатайство о ее отмены
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей