Ст. 32 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
32-бап. Бірлескен кәсіпкерлік
1. Бiрлескен кәсiпкерлiктi жеке тұлғалар (дара кәсiпкерлер) тобы өздерiне ортақ меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негізінде, сондай-ақ мүлiктi бiрлесiп пайдалануға және (немесе) оған иелiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай жүзеге асырады. 2. Бiрлескен кәсiпкерлiк кезiнде жеке кәсiпкерлiкке байланысты барлық мәмiлелер бiрлескен кәсiпкерлiктiң барлық қатысушыларының атынан жасалады, ал құқықтар мен мiндеттер олардың атынан иеленеді және жүзеге асырылады.
3. Бiрлескен кәсiпкерлiктiң нысандары:
1) ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiгi негiзiнде жүзеге асырылатын ерлi-зайыптылар кәсiпкерлiгi;
2) шаруа қожалығының ортақ бiрлескен меншiгi немесе жекешелендiрiлген тұрғынжайға ортақ бiрлескен меншiк негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсiпкерлiк;
3) жеке кәсiпкерлiк ортақ үлестiк меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын жай серiктестiк;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де нысандар болып табылады.
4. Ерлi-зайыптылар кәсiпкерлiгi жүзеге асырылған кезде ерлі-зайыптылардың бiрi жұбайының келiсiмiмен iскерлiк айналымда ерлi-зайыптылар атынан әрекет етедi, бұл дара кәсiпкердi тiркеу кезiнде расталуы немесе дара кәсiпкердiң қызметi мемлекеттiк тiркеусiз жүзеге асырылған жағдайларда жазбаша көрсетiлуі және нотариат куәландыруы мүмкiн.
Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң iскерлiк айналымда ерлi-зайыптылар атынан әрекет етуiне жұбайының келiсiмi болмаған кезде, iскерлiк айналымда әрекет ететiн жұбайы дара кәсiпкерлiктi өзiндiк кәсiпкерлiк түрінде жүзеге асырады деп көзделедi.
5. Жай серiктестiк нысаны пайдаланылатын дара кәсiпкерлiк Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Лучшие юристы





2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?
Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей