Ст. 120 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ
ҚР Әлеуметтік Кодексі
120-бап. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы
1. Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа кірісі кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын қандастарға, босқындарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі. 2. Адамдардың (отбасылардың) шартсыз ақшалай көмек немесе шартты ақшалай көмек түріндегі атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақтың 01.01.2025 бастап қолданыста енгізілетін редакциясын осы Кодекстің 263-бабынан қараңыз.
3. Қазақстан Республикасындағы кедейлік шегінің мөлшерін мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай пайыздық мәнде жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының негізінде уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
4. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегін уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған кедейлік шегінің мөлшерін негізге ала отырып, жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын есептейді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында:
1) жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын – кедейлік шегі;
2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жыл сайын республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша – кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі туралы ақпаратты жариялайды.
5. Атаулы әлеуметтік көмек оны алуға құқығы бар отбасының әрбір мүшесіне тағайындалады.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін отбасы құрамына:
1) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі;
2) мерзімді әскери қызметтегі;
3) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлі емдеудегі адамдарды қоспағанда, некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге нысанынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысқан, бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ іс жүзінде бірге тұратын, бірақ некеде тұрмайтын адамдар енгізіледі.
Бірге тұру фактісі:
1) отбасының тұрғылықты жерінен тыс еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдарға немесе отбасы мүшелеріне;
2) отбасында тұратын және отбасының тұрғылықты жерінде осы деңгейдегі білім беру ұйымының болмауына байланысты орта білім беру ұйымдарында оқу орны бойынша басқа елді мекенде тіркелген балаларға;
3) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегілерді қоспағанда, интернат ұйымдарында білім алатын, сондай-ақ он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балаларға талап етілмейді.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
в каком документе указано, что родители, обучающихся в 1-4 классах, обязаны привести и забрать ребенка из рук в руки классному руководителю? подскажите
Менің жұбайым 1 топ мүгедегі мен оның қорғаншысымын. Өзім мектепте жұмыс жасаймын, жалақымнан салық ұстамайтын заң барма
Я думаю погуглите бейсбол, в свободное время много раз в него играл, довольно интересно для такого любителя спорта, как я.
hello, i need to
Здравствуйте. Отчисляются ли пенсионные взносы для тех, кто вышел на пенсию как многодетная мать с 5-мя детьми?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей