Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 188-1 ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

ҚР Еңбек кодексi
188-1-бап. Жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны құру тәртібі және оның құрамы

1. Арнайы тергеп-тексеруге жататын жағдайларды қоспағанда, жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесі туралы қорытынды алынған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде қабылдаушы тараптың актісімен құрылатын, мынадай құрамдағы комиссия жүргізеді: 

1) төраға – қабылдаушы тарап ұйымының (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары, ал олар болмаған кезде – қабылдаушы тараптың уәкілетті өкілі; 

2) төрағаның орынбасары – жіберуші тарап ұйымының басшысы немесе оның орынбасары, ал олар болмаған кезде – жіберуші тараптың уәкілетті өкілі; 

3) мүшелері – ұйымның (қабылдаушы тарап) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы және жіберуші тарап жұмыскерлерінің өкілі. 

2. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін қабылдаушы тараптың лауазымды адамы тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына енгізілмейді. 

3. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді аумақтық бөлімше өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесі туралы қорытынды алынған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде құратын, мынадай құрамдағы комиссия жүргізеді: 

1) төраға – мемлекеттік еңбек инспекторы; 

2) мүшелері – қабылдаушы тарап ұйымының (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ жіберуші тарап ұйымының басшысы немесе оның орынбасары және жіберуші тарап жұмыскерінің өкілі. 

Еңбек қызметіне байланысты, екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді. 

Еңбек қызметіне байланысты, үштен бес адамға дейін қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган құратын, ал бестен көп адам қайтыс болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын комиссия жүргізеді. 

Ескерту. 20-тарау 188-1-баппен толықтырылды - ҚР 19.12.2020 № 386-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 08.07.2024 № 116-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...187‑1 188 188‑1 189 190 ...204

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться