Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 192 ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.03.2024

ҚР Еңбек кодексi
192-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің қағидаттары мен негізгі міндеттері

Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі жұмыскерлердің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, сақтау және қорғау, заңдылық, объективтілік, тәуелсіздік және жариялылық қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері: 

1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; 

2) қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, жұмыскерлердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету; 

3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау болып табылады.
Статья 1 ...190 191 192 193 194 ...204

Перейти к статье
Коментарии пользователей

Сәлеметсізбе? Мен мектепте іс жүргізушімін..Вахтерші менің адресіме "тәрбиесіз,оңбаған" деген балағат сөздер айтты.Менде сол сөздерінің записьі бар.Солай айтып, меннен "кешірім" сұрамағаны үшін,мен ренжіп, амандаспай жүрдім. Жақында "амандаспайды"деп мектеп психологына және тәрбие орынбасарына жалоб жасады. Вахтерші 2 күн денсаулығыма байланысты деп ақысыз демалыс алды.Бұйрық шықты. Енді келіп, сенің кесіріңнен ауырдым,давлением көтерілді деп,аудан орталығына больницаға жатып алды.Оның туған апасы (мектепте мұғалім) директорға, аудан орталығына барып, "мені жұмыстан шығарсың, осының кесірінен бауырым ауырып қалды" деп шағым түсірген.Бауыры екеуі бірігіп, маған тыныштық бермейді.Жұмыс жасауыма кедергі келтіреді.Жұмыста күнде айхай болады.Қалай, қайда жүгінсем болады? Білім беру мекемесінде жұмыс жасасамда, мені балағаттап, кешірім сұрамаған адамға, мен "амандасуым" керек пе? Жауап күтетін болаын.

0   0






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться