Ст. 203 ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 28.02.2021
ҚР Еңбек кодексi
203-бап. Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес
1. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша және (немесе) жұмыскерлердің не олардың өкілдерінің бастамасы бойынша он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрылады. Оның құрамына еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды қоса алғанда, жұмыс берушінің өкілдері, жұмыскерлердің өкілдері тепе-теңдік негізде кіреді. 2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің құрамы жұмыс берушінің және жұмыскерлер өкілдерінің бірлескен шешімімен бекітіледі.
3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңесті екі жылда бір рет мерзімділікпен ротациялық негізде жұмыс берушінің және жұмыскерлер өкілдерінің арасынан кеңес мүшелері сайлайтын төраға басқарады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің шешімдері жұмыс беруші және жұмыскерлер үшін міндетті болып табылады.
4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес жұмыс беруші мен жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастырады, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмыс орындарында еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуына тексерулер жүргізуін ұйымдастырады.
5. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің шешімімен бекітіледі.
Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың мәртебесі, құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың бақылауды жүзеге асыру тәртібі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің шешімімен айқындалады.
Ескерту. 203-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 321-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
23-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Лучшие юристы

Караганда,Темиртау, Нур-Султан
Телефоны
Комментариев: 26
За последние 30 дней

Астана (Нур-Султан) - Караганда - Темиртау
Телефон
Всего

г. Алматы
Телефон
За последние 30 дней

г. Алматы
Телефон
Всего

г. Костанай
Телефон
Всего
Новые комментарии на сайте
Айгуль
01.03.21 21:23:07
Тел: 87012643890,
Добрый вечер срок давности имеется, общий срок 3 года
Гость
01.03.21 17:32:14
питьевую воду нельзя использовать в технических целях, где написано?
Гость
27.02.21 15:02:55
Здравствуйте,Где можно посмотреть новую классификацию основных средств на 2021 год
Гость
27.02.21 10:31:06
сушествует ли срок исковой давности по кредиту
Гость
26.02.21 12:57:32
Здравствуйте Я учительница инвалид 2 группы.Допустимо ли забрать часы ссылаясь на инвалидность?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей