Ст. 169 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
169-бап. Талап арызды қайтару, талап қоюдан бас тарту
1. Азаматтық талапкер қылмыстық процестің кез келген сатысында талап қою арызын қайтарып алу туралы мәлімдеуге құқылы. Талап қою арызын қайтарып алу туралы мәлімдеме жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында берiледі және қылмыстық iске қоса тiгіледі. Егер талап қою арызын қайтарып алу туралы мәлімдеме сот отырысында мәлімделсе, онда ол сот отырысының хаттамасына енгiзiледі. 2. Азаматтық талапкердің қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгі іс жүргiзу сатысында талап қоюдан бас тарту туралы арызы жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында берiледі және қылмыстық iс материалдарына қоса тiгіледі. Егер азаматтық талапкердің талап қоюдан бас тартуы сот отырысында бiлдiрiлсе, онда ол сот отырысының хаттамасына енгiзiледі.
3. Сот талап қоюдан бас тартуды сот талқылауының кез келген сәтінде, бiрақ сот үкiмді қаулы ету үшiн кеңесу бөлмесiне кеткенге дейiн қабылдайды.
Сот талап қоюдан бас тартуды қабылдағанға дейін азаматтық талапкерге талап қоюдан бас тартуды қабылдау ол бойынша іс жүргізуді тоқтатуға әкеп соғатынын және нақ осы тараптар арасындағы нақ осы нысана туралы дау бойынша және нақ осы негіздер бойынша, оның ішінде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде, сотқа қайталап жүгінуді болғызбайтынын түсіндіруге міндетті.
4. Егер азаматтық талапкердің талап қоюдан бас тартуы заңға қайшы болса немесе кімнің болса да құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот бұл әрекетті қабылдамайды.
Ескерту. 169-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
170-бап. Азаматтық талап қою бойынша шешiмдер
1. Сот қылмыстық істегі азаматтық талап қоюды қарау қорытындылары бойынша:
1) азаматтық талап қоюды толық немесе iшiнара қанағаттандыру туралы;
2) азаматтық талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы;
3) азаматтық талапкердің азаматтық талап қоюды қанағаттандыру құқығын тану және оның мөлшерi туралы мәселенi азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен соттың қарауына беру туралы;
4) азаматтық талап қоюдан бас тартуды қабылдау және ол бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы;
5) азаматтық талап қою бойынша татуласу келісімін немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту және ол бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы;
6) азаматтық талап қоюды қараусыз қалдыру туралы шешімдердің бірін шығарады.
Іс бойынша іс жүргізуді осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша тоқтату туралы қаулы шығарған кезде сот азаматтық талап қоюды толық қанағаттандырады.
2. Сот айыптау үкiмiн қаулы еткен немесе есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулы шығарған кезде азаматтық талап қоюды толық немесе iшiнара қанағаттандырады не оны қанағаттандырудан бас тартады.
Азаматтық талап қою толық немесе ішінара қанағаттандырылған жағдайларда сот үкімде оны азаматтық талап қою бөлігінде ерікті түрде орындау үшін мерзімді белгілейді және көрсетеді. Соттың үкімі ерікті түрде орындау үшін берілген мерзім ішінде азаматтық талап қою бөлігінде орындалмаған жағдайда, сот үкімді азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық талап қою бөлігінде мәжбүрлеп орындату үшін жібереді. Мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
3. Сот қылмыстық iстi талқылауды кейiнге қалдырмай азаматтық талап қою бойынша егжей-тегжейлі есеп-қисап жүргiзу мүмкiн болмаған кезде азаматтық талапкердің талап қоюды қанағаттандыру құқығын тани алады және оның мөлшерi туралы мәселенi азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен соттың қарауына бере алады.
4. Сот ақтау үкімін қаулы еткен, сол сияқты есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі істі тоқтату туралы қаулы шығарған кезде, егер қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде тыйым салынған іс-әрекет анықталмаса не сотталушының немесе өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселе шешiлген адамның қылмыстық құқық бұзушылық немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде тыйым салынған іс-әрекетті жасауға қатысқаны дәлелденбесе не кінәсі анықталмаса, азаматтық талап қоюды қанағаттандырудан бас тартады.
5. Сот татуласу келісімін бекіткен, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізілген не азаматтық талап қоюдан бас тартуды қабылдаған жағдайларда, сот азаматтық талап қою бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешім қабылдайды.
6. Сот талап қоюды:
1) сотталушы қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталған;
2) жасаған іс-әрекетінiң сипатына және өзiнiң жай-күйiне қарай қоғам үшiн қауiп төндiрмейтiн және мәжбүрлеп емдеуге мұқтаж емес есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға негiздер болмауына байланысты iс тоқтатылған;
3) іс осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 5), 7), 8) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылған;
4) азаматтық талапкердің бұл туралы өтінішхаты болған жағдайларда, қараусыз қалдырады.
Азаматтық талап қоюды заңда көзделмеген өзге негіздер бойынша қараусыз қалдыруға жол берілмейді.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на [email protected]
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей