Ст. 278 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
278-бап. Процеске қатысушылардың сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысуы
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган сараптама жүргізу кезінде қатысуға, сарапшының жүргізіп жатқан әрекеттеріне қатысты түсіндірмесін алуға құқылы. Сараптама жүргізу кезінде қылмыстық процесті жүргізетін органның қатысу фактісі сарапшының қорытындысында көрсетіледі. 2. Өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылар сараптама жүргізу кезінде қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен қатыса алады. Бұл жағдайда қылмыстық процесті жүргізетін органның қатысуы міндетті.
3. Қылмыстық сот ісін жүргізетін орган тиісті өтінішхатты қанағаттандырған кезде оны мәлімдеген адамға сараптаманың жүргізілетін орны мен уақыты хабарланады. Хабарланған адамның келмеуі сараптаманы жүргізуге кедергі келтірмейді.
4. Сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысып отырған процеске қатысушылар зерттеулер барысына араласуға құқылы емес, бірақ олар сот сараптамасының нысанасына қатысты түсініктемелер бере алады.
5. Егер сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысып отырған процеске қатысушы сот сарапшысының қызметіне кедергі келтірсе, соңғысы зерттеуді тоқтата тұруға және қылмыстық процесті жүргізетін органның не сараптама тағайындаған адамның алдында көрсетілген процеске қатысушыға сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысуға берілген рұқсаттың күшін жою туралы өтінішхат беруге құқылы.
6. Сот сарапшысы қорытынды жасаған кезде, сондай-ақ, егер сот сараптамасын сот сарапшылары комиссиясы жүргізсе, сот сарапшыларының кеңесу және түйіндерді тұжырымдау сатысында процеске қатысушылардың қатысуына жол берілмейді.
7. Сот психиатриялық және сот психологиялық-психиатриялық сараптаманың жүргізілуі құпиялық жағдайында жүзеге асырылады.
8. Адамға қатысты оны жалаңаштаумен ұштасатын сот-сараптамалық зерттеулер жүргізу кезінде тек сол жыныстағы адамдар ғана қатыса алады. Осы шектеу көрсетілген зерттеулерді жүргізуге қатысатын дәрігерлерге және басқа да медицина қызметкерлеріне қолданылмайды.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 276-бап. Сот сараптамасы органының сараптама жүргізуі.Сот сараптамасы органы басшысының құқықтары мен міндеттері ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 275-бап. Өздеріне қатысты сот сараптамасы жүргізілетін адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне кепілдік беру ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 280-бап. Сараптама объектiлерi ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 274-бап. Күдіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің, қорғаушының және жәбірленуші өкілінің сараптама тағайындау және жүргізу кезіндегі құқықтары ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 281-бап. Жеке-дара және комиссиялық сараптамаРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей