Ст. 289 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
289-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылғаннан кейінгі әрекеттері
1. Қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бір тәулік ішінде қаулы мен қылмыстық істі прокурорға бекіту үшін жібереді. Қылмыстық іс бір бөлігінде не жекелеген күдіктілерді қылмыстық қудалау толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтатылған кезде прокурорға бекіту үшін қаулы жіберіледі.
2. Прокурор бекіткен қаулы келіп түскеннен кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген адам күдіктіні, оның қорғаушысын, заңды өкілін, жәбірленушіні және оның өкілін, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді және олардың өкілдерін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің тоқтатылғаны және оны тоқтату негіздері туралы хабардар етеді.
Аталған адамдарға істің материалдарымен танысу құқығы және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулыға шағым жасау тәртібі түсіндіріледі. Осы адамдардың өтінішхаты бойынша оларға прокурор бекіткен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулының көшірмесі табыс етіледі.
Ескерту. 289-бап жаңа редакцияда - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
несет ли водитель ответственность за перевозимый груз без сопровождающего лица?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей