Ст. 307 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
307-бап. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жататын қылмыстық істер
1. Мамандандырылған ауданаралық сот бірінші сатыдағы сот ретінде әрекет етеді, оның соттылығына: 1) қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың және гарнизонның әскери сотының соттылығына жатқызылған істерді қоспағанда, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106 (екінші бөлігінің 11) тармағында), 107 (екінші бөлігінің 8) тармағында), 122 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 123 (екiншi бөлiгiнде), 124 (бірінші және екінші бөліктерінде), 132 (бірінші және екінші бөліктерінде), 133, 134, 135(бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 136, 137, 138, 139(балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау бөлігінде), 140, 141, 142, 143 және 144-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер жатады.
2. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар үкімді орындау сатысында өздерінің соттылығына жатқызылған істер бойынша осы Кодекстің 475 және 476-баптарында көрсетілген мәселелерді қарайды.
3. Осы Кодексте көзделген жағдайларда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар өздерінің соттылығына жатқызылған істер бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қозғау туралы өтінішхаттарды қарайды.
4. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жататын қылмыстық іс осы Кодекстің 317-бабында көзделген жағдайларда жалпы юрисдикция сотының қарауына берілуі мүмкін.
Ескерту. 307-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 111-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Здравствуйте ! Можно ли отозвать работника из очередного оплачиваемого отпуска день в день?
Здравствуйте, можно ли в одном свидетельстве о наследстве указать все виды имущества: квартиры, машины, счета? Или на каждое имущество обязательно должно быть отдельное свидетельство?
Добрый день, на основе ст 87 ТК РК и п 6.: отпуск на постановку на медицинский учет по беременности до двенадцати недель в количестве не менее трех рабочих дней, могу ли я запросить отпуск после 12 недель, чтобы пройти обследование у узких специалистов, требующих свое заключение на постановку на учет по беременности? И могу ли оформить социальный отпуск раздельно по 1 дню в дни записи к врачам?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей