Ст. 35 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
35-бап. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар
1. Қылмыстық іс:
1) қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауынан;
2) іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауынан;
3) егер рақымшылық жасау актісі жасалған іс-әрекет үшін жаза қолдануды жойса, соның салдарынан;
4) қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне орай;
5) осы Кодекстің 32-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 32-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жәбірленушінің шағымының болмауынан, сондай-ақ осы Кодекстің 32-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 32-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жекеше айыптаушы айыптаудан бас тартқан кезде;
6) егер жасаған іс-әрекеті үшін қылмыстық жауаптылықтың күшін жоятын заң қолданысқа енгізілген болса не Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты осы қылмыстық іс бойынша қолданылуға тиіс, іс-әрекеттің қылмыстық құқық бұзушылық ретінде саралануы оған байланысты болатын заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні, оның жекелеген ережелерін Конституцияға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда;
7) егер адамға қатысты соттың нақ осы айыптау бойынша заңды күшіне енген үкімі не соттың қылмыстық қудалаудың мүмкін еместігін белгілейтін, күші жойылмаған қаулысы бар болса;
8) егер адамға қатысты қылмыстық қудалау органының нақ осы күдік бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату туралы күші жойылмаған қаулысы бар болса;
9) іс бойынша іс жүргізу өзіне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, егер қылмыстық заң тыйым салатын іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасаған адамға қатысты болса;
10) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары немесе иммунитеті бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға уәкілетті органның немесе лауазымды адамның келісім беруден бас тартуына байланысты;
11) іс бойынша іс жүргізу қайтыс болған адамды ақтау немесе істі басқа адамдарға қатысты тергеп-тексеру, сондай-ақ заңсыз жолмен табылған мүлікті, тәркіленуге жататын, келтірілген зиянның өтелуін қамтамасыз ететін ақша қаражатын және өзге де құндылықтарды анықтау үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, қайтыс болған адамға қатысты;
12) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелеріне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты тоқтатылуға жатады.
2. Іс бойынша іс жүргізу қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының немесе қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығы дәлелденген кезде де, егер қосымша дәлелдемелер жинау үшін барлық мүмкіндіктер қолданылса, олардың болуы дәлелденбеген кезде де осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер бойынша тоқтатылады.
3. Іс бойынша іс жүргізу осы баптың бірінші бөлігінің 2) тармағында көзделген негіз бойынша және күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының зиян келтіруі құқыққа сыйымды болып табылған не күдікті, айыпталушы немесе сотталушы іс-әрекетті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес оны қылмыстық құқық бұзушылық деп тануды және қылмыстық жауаптылықты жоққа шығаратын мән-жайлар кезінде жасаған жағдайларда тоқтатылады.
4. Егер арыз иесі қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам ретінде тікелей көрсететін адам (қорғалуға құқығы бар куә), күдікті, айыпталушы, сондай-ақ сотталушы немесе оның заңды өкілдері, ал осы баптың бірінші бөлігінің 11) тармағында көзделген жағдайларда, осы Кодекстің 66-бабының екінші бөлігінде санамаланған, адвокатпен қатар күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны қорғауды жүзеге асыру құқығы бар адамдар бұған қарсылық білдірсе, қылмыстық істі осы баптың бірінші бөлігінің 3), 4) және 11) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатуға жол берілмейді. Бұл жағдайда іс бойынша іс жүргізу жалғастырылады және оған негіздер болған кезде адамды жазадан не қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, айыптау үкімін шығару арқылы аяқталады.
Қылмыстық істі осы баптың бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 11) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша тоқтату туралы шешім қабылдау үшін жәбірленушінің немесе оның өкілінің келісімі талап етілмейді.
Қылмыстық істі тоқтату сонымен бір мезгілде қылмыстық қудалауды тоқтатуға әкеп соғады.
5. Іс-әрекет жасалған кезде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық жүктеу мүмкін болатын жасқа толмаған адамға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешім осы баптың бірінші бөлігінің 2) тармағында көрсетілген негіз бойынша қабылдануға жатады. Іс-әрекет жасалған кезде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толса да, психикалық дамуы жағынан психикасының бұзылуына байланысты емес артта қалуы салдарынан өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық түйсіне алмаған және оларды игере алмаған, кәмелетке толмаған адамға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешім де осы негіз бойынша қабылдануға жатады.
6. Қылмыстық қудалау органы қылмыстық қудалауды болғызбайтын мән-жайларды анықтағанда сотқа дейінгі іс жүргізудің кез келген сатысында қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарады.
Прокурор істі басты сот талқылауында қарау басталғанға дейін оны соттан кері қайтарып алуға және осы бапта көзделген негіздер бойынша тоқтатуға да құқылы. Прокурор істі соттан кері қайтарып алғаннан кейін оны тоқтату үшін ол бойынша жаңадан сотқа дейінгі іс жүргізу өткізуге және оны сотқа қайтадан жіберуге жол берілмейді.
7. Мемлекеттік айыптаушы сотта қылмыстық қудалауды болғызбайтын мән-жайларды анықтағанда айыптаудан бас тарту туралы мәлімдеуге міндетті. Мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тарту туралы мәлімдемесі, егер жекеше айыптаушы айыптауды қолдауын жалғастырса, қылмыстық істі қарауды жалғастыруға кедергі келтірмейді.
8. Сот қылмыстық қудалауды болғызбайтын мән-жайларды анықтағанда қылмыстық істі тоқтату туралы мәселені шешуге міндетті.
9. Қылмыстық қудалау органдары және соттар қылмыстық іс тоқтатылған кезде, адамның әрекеттерінде әкімшілік немесе тәртіптік құқық бұзушылық белгілері болған кезде материалдарды әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін он тәулік ішінде уәкілетті органдарға (лауазымды адамдарға) жіберуге міндетті.
Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 307-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 37-бап. Күдікті, айыпталушы, сотталушы ретiнде тартылған адамды ақтау ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 32-бап. Жекеше, жекеше-жариялы және жариялы қудалау және айыптау iстерi ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 38-бап. Қылмыстық процестi жүргiзетiн органның заңсыз әрекеттерi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеткізуге құқығы бар адамдар ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 33-бап. Коммерциялық немесе өзге де ұйымның арызы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту ҚР Қылмыстық Кодексi 78-бап. Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей