Ст. 488 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
488-бап. Заңды күшіне енген сот үкімін, қаулысын қайта қарау туралы кассациялық шағым, наразылық беру тәртібі
Ескерту. 488-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы кассациялық шағым, наразылық жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында кассациялық сотқа беріледі. Кассациялық шағымда, наразылықта осы Кодекстің 423-бабында санамаланған мән-жайлардан басқа, іс бойынша іс жүргізу кезінде қандай заң бұзушылыққа жол берілгені және осы бұзушылықтар шығарылған сот шешімдерінде қалай көрініс тапқаны және шағым жасалып отырған сот актісін қайта қарау үшін осы Кодекстің 485-бабында санамаланған негіздердің қайсысы бар екені көрсетілуге тиіс. Кассациялық шағымда оны берген адамдардың қатысуымен немесе қатысуынсыз қаралатыны туралы көрсетілуге тиіс.
1-1. Алып тасталды – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Кассациялық шағымға, наразылыққа кассациялық шағым, наразылық дәлелдерінің негізділігін растайтын материалдар қоса берілуге тиіс.
3. Заңды күшіне енген сот үкімдеріне, қаулыларына берілген, өзге мемлекеттік органдарға немесе қоғамдық ұйымдарға жолданған кассациялық шағым кассациялық соттың іс жүргізуіне қабылданбайды.
4. Осы Кодекстің 493-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы кассациялық шағымның, наразылықтың берілуі олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
5. Кассациялық шағым не наразылық берген адам сот отырысы басталғанға дейін өзінің кассациялық шағымын, наразылығын өзгертуге не жаңа дәлелдермен толықтыруға құқылы. Бұл ретте прокурордың қосымша наразылығында немесе оның наразылықты өзгерту туралы арызында, сол сияқты жәбірленушінің, жекеше айыптаушының немесе өкілдердің үкімге шағым жасаудың осы Кодекстің 487-бабының екінші бөлігінде белгіленген мерзімі өткен соң берген қосымша кассациялық шағымында, егер бастапқы наразылықта, кассациялық шағымда сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы талап жазылмаған болса, осындай мәселе қойыла алмайды.
6. Кассациялық шағымды, наразылықты берген адам іс кассациялық сатыда қаралғанға дейін оларды кері қайтарып алуы мүмкін. Сотталған адам өзінің мүддесінде өз қорғаушысы немесе заңды өкілі берген кассациялық шағымды кері қайтарып алуға құқылы.
Ескерту. 488-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей