Ст. 607 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
607-бап. Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшiн қабылдау, сондай-ақ шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын тану және орындау туралы өтiнiшхатты қарау
1. Осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары, олардың заңды өкiлдерi, жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары, сондай-ақ шет мемлекеттiң құзыреттi органдары сотталған адамның немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамның келiсiмiмен, ал ол өз еркін білдіруге қабілетсіз болған жағдайда – оның заңды өкілінің келісімімен Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына сотталған адамның Қазақстан Республикасында жазаны өтеуi немесе оған мәжбүрлеп емдеу жүргізу туралы өтiнiшхатпен жүгіне алады. 2. Шет мемлекеттің құзыретті мекемелері шет мемлекет сотының осы Кодекстің 601-бабы бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақтарында көрсетілген адамдарға қатысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлікті немесе оның ақшалай баламасын тәркілеуді көздейтін сот актілерін тану және орындау туралы өтінішхатпен Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына жүгіне алады.
3. Осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау туралы өтінішхатты Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының алдында қозғағаннан кейін осы адамның Қазақстан Республикасында жазасын кейіннен өтеуі немесе оған мәжбүрлеп емдеуді жүргізуі және Қазақстан Республикасының азаматтығын растауы үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы шет мемлекеттің тиісті органынан мәселені мәні бойынша шешу үшін қажетті құжаттарды сұратады.
4. Осы баптың бірінші, екінші бөліктерінде көзделген өтінішхаттар қанағаттандырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын тану және орындау туралы ұсынуды өздеріне қатысты шет мемлекет сотының үкімі немесе қаулысы шығарылған адамдардың тұрақты тұрғылықты жері бойынша аудандық немесе оған теңестірілген сотқа енгізеді. Осы адамдардың тұрақты тұрғылықты жері болмаған кезде, ұсыну Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының орналасқан жері бойынша аудандық сотқа енгізіледі.
Ескерту. 607-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?
Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей