Ст. 619 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
619-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісімді жасасу тәртібі
1. Ынтымақтастық туралы процестік келісімді жасасу туралы өтінішхатты күдікті, айыпталушы, сотталушы және сотталған адам жазбаша түрде береді және ол міндетті түрде қорғаушының қойған қолымен бекемделеді. 2. Егер қорғаушыны күдікті, айыпталушы, сотталушы немесе сотталған адам, оның заңды өкілі немесе күдіктінің, айыпталушының, сотталушының немесе сотталған адамның тапсырмасы бойынша басқа адамдар шақырмаса, онда қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган не жазаны орындайтын мекеме немесе орган қамтамасыз етеді.
3. Іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан тергеуші, анықтаушы, жазаны орындайтын мекеменің немесе органның басшысы ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты алған кезде оны бір тәулік ішінде прокурорға жібереді.
4. Сотталушының ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхатын сот ол келіп түскен кезден бастап үш тәулік ішінде прокурорға жібереді.
5. Сотталған адам өзі аумағында жазасын өтеп жүрген облыс прокурорының атына процестік келісім жасасу туралы өз өтінішхатын жазаны орындайтын орган арқылы беруге құқылы.
6. Ынтымақтастық туралы процестік келісім осы Кодекстің 615-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағында, 616-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақтарында, екінші бөлігінде көзделген талаптар сақтала отырып, қажет болған кезде 47-бабының қағидалары бойынша оның құпиялығын сақтай отырып және 12-тарауына сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, прокурор мен күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның арасында жасалады және бекіту үшін тиісінше Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына, облыстың прокурорына немесе оған теңестірілген прокурорға, олардың орынбасарларына, ал сотталған адаммен келісім – Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына не оның орынбасарына жіберіледі.
Ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу туралы мәселені шешу үшін прокурор қосымша материалдарды талап етуге құқылы.
Ескерту. 619-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на [email protected]
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей