Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 631 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.05.2026

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
631-бап. Істердің алқабилер қатысатын сотқа соттылығы

1. Сот алқабилердің қатысуымен: 

1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру; 

2) бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне қарсы, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар; 

3) террористік және экстремистік қылмыстар; 

4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар; 

5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар; 

6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар туралы істерді қарайды. 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 116 (екінші және үшінші бөліктерінде), 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 146 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 249 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 335 (төртінші бөлігінде), 337 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 345 (төртінші бөлігінде), 345-1 (төртінші бөлігінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істерді де сот алқабилердің қатысуымен қарайды. 

2. Егер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң бiрнеше бабында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталса, егер қылмыстардың мұндай жиынтығына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 116 (екінші және үшінші бөліктерінде), 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 146 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 249 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 335 (төртінші бөлігінде), 337 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 345 (төртінші бөлігінде), 345-1 (төртінші бөлігінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмыстың, сондай-ақ: 

1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру; 

2) бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне қарсы, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар; 

3) террористік және экстремистік қылмыстар; 

4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;  

5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар; 

6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылған қылмыстың ең болмағанда біреуі кірсе, айыпталушының өз ісін сотқа алқабилердің қатысуымен қаратуға құқығы бар. 

3. Егер iс бойынша бiрнеше адам айыпталса, егер олардың ең болмағанда бiреуi қылмыстық iстi алқабилердiң қатысуымен қарау туралы өтiнiшхат мәлімдесе, соттың оны алқабилердiң қатысуымен қарауы барлық сотталушыларға қатысты осы бөлiмде көзделген қағидалар бойынша жүргiзiледi. 

Ескерту. 631-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізілетін, қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдарын алқабилер қатысатын соттың қарауына жатқызу туралы ережелерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 175-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі; 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)) Заңдарымен.
632-бап. Алқабилер қатысатын сот құрамы 

Қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сотта және қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық әскери сотта алқабилер қатысатын сот бiр судьяның және он алқабидiң құрамында әрекет етедi.
Статья 1 ...629‑8 630 631 633 634 ...674

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

пункт 1 подпункт 2 Первичные бухгалтерские документы подписанные ЭЦП , через платформы различных организаций специализированных по ЭДО, как доверенность, накладная на отпуск товаров, АВР являются законно приравненные к живой печати и подписи по данной статье?


Сәлеметсіз бе. Мен бір бургерде кассир болып істедім 3 күн стажировка, 2 күн толық жұмыс істедім. Кейін денсаулығыма байланысты жұмыстан шығатынымды алдын ала ескерттім. Менеджерге жаздым, чатта переписка сақталған.

Бірақ қазір маған “өз еркіңмен кетсең жалақы берілмейді” деп отыр. Бұл ереже маған жұмысқа кірерде толық түсіндірілмеген, группаға кейін ғана қосты. Ешқандай келісімшартқа қол қойған жоқпын.

Осы жағдайда олар істеген күнімнің ақысын бермеуге құқылы ма? Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі бойынша қандай құқықтарым бар?


У вас приведена не полная версия данной статьи. Вот полная версия:

​Статья 115-1 УК РК. Сталкинг

1. Сталкинг, то есть навязчивое преследование лица, совершаемое вопреки его воле, выражающееся в:

- систематическом установлении или попытках установления контакта с лицом (посредством телефонных звонков, текстовых сообщений, социальных сетей или иных средств связи);

- слежке и (или) наблюдении за лицом (в том числе по месту его жительства, работы, учебы или иного времяпрепровождения);

- ​сборе сведений о частной жизни лица без его согласия, если эти действия вызывают у потерпевшего обоснованное опасение за свою безопасность или причиняют психологические страдания,

наказывается:

- ​штрафом в размере до двухсот месячных расчетных показателей (МРП);

- либо исправительными работами в том же размере;

- либо привлечением к общественным работам на срок до двухсот часов;

- либо арестом на срок до пятидесяти суток.

2. То же деяние, совершенное:

а) группой лиц или группой лиц по предварительному сговору;

б) в отношении несовершеннолетнего;

в) в отношении лица, находящегося в беспомощном состоянии или в материальной или иной зависимости от виновного;

г) с применением информационно-коммуникационных технологий (киберсталкинг), —

наказывается:

- штрафом в размере до пятисот МРП;

- либо исправительными работами в том же размере;

- либо привлечением к общественным работам на срок до трехсот часов;

- либо арестом на срок до семидесяти пяти суток.


Жалоба должна содержать факты, даты, документы и четкую просьбу.

Просто “прошу разобраться” часто не работает.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться