Ст. 640 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
640-бап. Төрағалық етушiнiң алқабиге кандидаттарды iстiқарауға қатысудан босатуы
1. Төрағалық етушi алқабиге кандидаттарға олардың осы Кодексте белгiленген мiндеттерiн түсiндiредi, содан кейiн алқабиге кандидаттардан iстi қарауға өздерінің алқаби ретiнде қатысуына кедергi келтiретiн мән-жайлардың бар-жоғы туралы сұрайды. 2. Төрағалық етушi:
1) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдiк келтірілетін немесе айыпталатын;
2) сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдарды, сөйлеу қабілетінен толық айырылған адамдарды, есту қабілетінен толық айырылған адамдарды және көру қабілетінен толық айырылған адамдарды;
3) мүгедектігі бар адамдардың сот отырысына толыққанды қатысуын қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық не техникалық мүмкіндіктер болмаған кезде, оларды процеске қатысушылармен талқыламастан, алқаби міндеттерін атқарудан босатады.
3. Төрағалық етушi:
1) алпыс бес жастан асқан адамдарды;
2) үш жасқа толмаған балалары бар әйелдердi;
3) өзiнiң дiни нанымына байланысты өзінің сот төрелiгiн жүзеге асыруға қатысуы мүмкiн емес деп есептейтін адамдарды;
4) қызметтiк мiндеттерiн орындаудан алаңдатылуы қоғамдық және мемлекеттiк мүдделерге едәуiр зиян келтiруi мүмкiн адамдарды (дәрiгерлер, мұғалiмдер, әуежолдарының ұшқыштары және басқалар);
5) сот отырысына қатыспау үшiн дәлелдi себептерi бар өзге де адамдарды, олардың ауызша немесе жазбаша өтiнiшi бойынша, процеске қатысушылармен талқыламастан, алқаби мiндеттерiн атқарудан босатуы мүмкін.
4. Төрағалық етушi алқабиге кандидаттардан сотта қаралатын iстiң мән-жайлары туралы хабардар екенін анықтайды.
5. Төрағалық етушi алқабиге кез келген кандидатты осы адамға заңсыз көрсетiлген ықпал ету, онда теріс пiкiрдің болуы, ол iстiң мән-жайларын процестік емес көздерден емес, басқа көздерден бiлуi салдарынан оның объективтiлiгiне негiздi күмән келтiрiлсе, сондай-ақ алқабиге кандидат алқаби ретiнде iстi қарауға қатысқан кезде объективтi болмау мүмкiндiгiн көрсететiн басқа да себептермен iс бойынша алқабидiң мiндеттерiн атқарудан босатады.
Ескерту. 640-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Добрый день! Не нашла информацию про срок выплаты суточных до убытия? есть ли данный регламентированный срок?
Здравствуйте. Согласно п.1 ст.131. должны выплатить компенсацию в размере одной среднемесячной заработной платы. да Вы можете подписать.
Здравствуйте! Я нахожусь в декретном отпуске 1,5 года, компания просит, чтобы я уволилась в связи с ликвидацией компании, уведомление о ликвидации компании выставили 17 марта, прислали на почту 20 марта, в уведомлении ссылаются на статью 52 1 пункт, а про компенсацию ничего не написали, подскажите пожалуйста, какую компенсацию они мне должны выплатить и могу ли я подписывать такой документ?
Здравствуйте!
В магазине отказались принимать наличные деньги(тенге). Кассир заявил, что принимают оплату толька картой или кьюар. Законно ли деиствие магазина?
Мужа задержали,так как он не являлся на отметку в органы пробации, до этого был освобождён по статье УК 44рк
На данный момент 30го числа будет суд и время его провождения под стражей 26 дней, суд будет о замене ??его наказания но при этом учитываются статьи 476,477,480 что можно сделать, так как в положении и до родов не далеко осталось, у него ещё есть не совершенно летняя дочь,
При рассмотрении суда могут ли ему дать условный срок отбытия наказания ?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей