Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 645 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 30.07.2026

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
645-бап. Алқабилердің сот талқылауына қатысуының жалпы шарттары

1. Алқабилер алқасын құру аяқталғаннан кейін төрағалық етуші алқабилердің негізгі құрамына алқабилердің орындығында оларға бөлінген орындарға жеребе тастаумен айқындалған тәртіпке сәйкес отыруды ұсынады. Алқабилердің орындығы сот отырысы залында қатысып отырғандардан бөлек болуға және, әдетте, сотталушылардың орындығына қарама-қарсы орналасуға тиіс. Қосалқы екі алқаби алқабилердің орындығынан өздері үшін арнайы бөлінген орындарға отырады. 

2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, алқабилер және қосалқы алқабилер сот талқылауы кезінде сот отырысы залында ұдайы болады. 

3. Егер сот талқылауы барысында, бірақ алқабилер мен судья кесім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін алқабилердің қайсыбіреуінің сот отырысына одан әрі қатыса алмайтыны немесе төрағалық етушінің оны сот отырысына қатысудан шеттеткені анықталса, онда ол қосалқы алқабилердің тегі көрсетілген билет жәшіктен қандай тәртіппен алынса, сол тәртіппен қосалқы алқабимен ауыстырылады. Егер шығып қалған алқабилерді қосалқы алқабилермен ауыстыру мүмкіндігі таусылған жағдайда, төрағалық етуші өткен сот талқылауын жарамсыз деп жариялайды және сот талқылауын осы Кодекстің 638-бабына сәйкес алқабиге кандидаттарды алдын ала таңдау кезеңіне қайтарады. 

4. Егер алқабилердің қайсыбіреуінің сот отырысына қатысу мүмкіндігінің жоқтығы кеңесу бөлмесіне кеткеннен кейін анықталса, онда судья мен алқабилер сот отырысы залына кіріп, алқабиді қосалқы алқабимен ауыстыруға және қайтадан кеңесу бөлмесіне кетуге тиіс. Егер шығып қалған алқабиді қосалқы алқабимен ауыстыру мүмкіндігі таусылған болса, төрағалық етуші өткен сот талқылауын жарамсыз деп жариялайды және сот талқылауын осы Кодекстің 638-бабына сәйкес алқабиге кандидаттарды алдын ала таңдау кезеңіне қайтарады. 

ҚР Конституциялық Сотының 29.01.2025 № 63-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 645-бабының төртінші бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.

5. Кез келген алқаби осы Кодекстің 647-бабының төртінші бөлігінде белгіленген шектеулерді сақтамаған жағдайда, істі қараудың кез келген кезеңінде іске одан әрі қатысудан шеттетілуі мүмкін. 

Кодекстің 638-бабына сәйкес алқабиге кандидаттарды алдын ала таңдау кезеңіне қайтарады. 

ҚР Конституциялық Сотының 29.01.2025 № 63-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 645-бабының бесінші бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.

6. Алқабиді шеттетуді төрағалық етуші тараптардың қатысуымен жүзеге асырады, бұл туралы сот отырысының хаттамасында жазба жасалады. 

Кодекстің 638-бабына сәйкес алқабиге кандидаттарды алдын ала таңдау кезеңіне қайтарады. 

ҚР Конституциялық Сотының 29.01.2025 № 63-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 645-бабының алтыншы бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.

Статья 1 ...643 644 645 646 647 ...674

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться