Ст. 650 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
650-бап. Алқабилер қатысатын соттағы сот тергеуiнiң ерекшелiктерi
1. Алқабилер қатысатын соттағы сот тергеуi осы Кодекстiң 364 – 378, 381-баптарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 2. Мемлекеттiк айыптаушы айыптау актісінің қарар бөлiмiн жария еткен кезде сотталушының сотталғандық фактiлерi туралы еске салуға құқылы емес.
3. Алқабилер төрағалық етушi арқылы сотталушыға, жәбiрленушiге, куәларға және сарапшыларға осы адамдардан тараптар жауап алғаннан кейiн сұрақтар қоюы мүмкін. Алқабилер сұрақтарды жазбаша түрде жазып, төрағалық етушiге бередi.
4. Төрағалық етушi сұрақ қойған алқабиге өзiнiң бас тарту уәжiн хабарлай отырып, өзі iске қатысы жоқ, сондай-ақ жетелеуші немесе тiл тигiзу сипатында деп есептейтін сұрақтарды қабылдамауға құқылы.
5. Тараптар алқабилер алқасының қатысуынсыз, судья бұрын iс талқылауынан алып тастаған дәлелдемелердi, бұл ретте олардың мәнiн баяндамай-ақ зерттеу туралы өтiнiшхат беруi мүмкiн. Судья осындай өтiнiшхатқа байланысты iс бойынша сот талқылауына қатысушылардың пiкiрiн тыңдауды алқабилер жоқ кезде жүргiзедi.
Төрағалық етуші қабылдайтын, көрсетілген шаралар туралы сот отырысының хаттамасына тиісті жазба жасалады.
6. Сотталушының бұрынғы сотталғандығымен байланысты, оны психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам деп тану туралы мән-жайлар, сондай-ақ алқабилердiң сотталушыға қатысты терiс түсiнiгiн туғызуға ықпал ететін өзге де мән-жайлар алқабилердің қатысуымен зерттеуге жатпайды.
7. Осы бапта көзделген тәртіп бұзылған кезде төрағалық етуші процеске тиісті қатысушыға мұндай мінез-құлыққа жол берілмейтіндігі туралы ескертпе жасауға және алқабилерге процеске қатысушылардың айтқанына мән бермеуді түсіндіруге міндетті. Төрағалық етушінің өкіміне бағынбаған кезде процеске қатысушыға осы Кодексте көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
Ескерту. 650-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы





Добрый день! Не нашла информацию про срок выплаты суточных до убытия? есть ли данный регламентированный срок?
Здравствуйте. Согласно п.1 ст.131. должны выплатить компенсацию в размере одной среднемесячной заработной платы. да Вы можете подписать.
Здравствуйте! Я нахожусь в декретном отпуске 1,5 года, компания просит, чтобы я уволилась в связи с ликвидацией компании, уведомление о ликвидации компании выставили 17 марта, прислали на почту 20 марта, в уведомлении ссылаются на статью 52 1 пункт, а про компенсацию ничего не написали, подскажите пожалуйста, какую компенсацию они мне должны выплатить и могу ли я подписывать такой документ?
Здравствуйте!
В магазине отказались принимать наличные деньги(тенге). Кассир заявил, что принимают оплату толька картой или кьюар. Законно ли деиствие магазина?
Мужа задержали,так как он не являлся на отметку в органы пробации, до этого был освобождён по статье УК 44рк
На данный момент 30го числа будет суд и время его провождения под стражей 26 дней, суд будет о замене ??его наказания но при этом учитываются статьи 476,477,480 что можно сделать, так как в положении и до родов не далеко осталось, у него ещё есть не совершенно летняя дочь,
При рассмотрении суда могут ли ему дать условный срок отбытия наказания ?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей