Ст. 398 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
ҚР Қылмыстық Кодексi
398-бап. Байланыс желiлерi мен құрылыстарын, сондай-ақ мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді күзету қағидаларын бұзу
1. Байланыс желiлерiн немесе байланыс құрылыстарын күзету қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекет байланыстың үзiлуiне әкеп соқса немесе байланыстың үзілу қатерін төндірсе, – сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
2. Байланыс желiлерiн күзету қағидаларын қалааралық байланыстың кәбілдік желiсiнің бүлiнуiне немесе қалааралық байланыстың үзілуіне әкеп соққан бұзу –
бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
3. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер ғимараттарын басып алуға немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу –
үш мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 398-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте,Где можно посмотреть новую классификацию основных средств на 2021 год
сушествует ли срок исковой давности по кредиту
Здравствуйте Я учительница инвалид 2 группы.Допустимо ли забрать часы ссылаясь на инвалидность?
на какой минимальной высоте может летать самолет над населенным пунктом?
добрый день. работник допустил грубую ошибку в работе повлекшую убытки в очень крупном размере. имеет ли право работодатель перевести данного работника на должность ступенью ниже?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей