Ст. 422 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
ҚР Қылмыстық Кодексi
422-бап. Жалған айғақтар беруді немесе айғақтар беруден жалтаруды, жалған қорытынды беруді не қате аударуды параға сатып алу немесе оларға мәжбүрлеу
1. Куәні, жәбiрленушiнi олардың жалған айғақтар беруi мақсатында не сарапшыны оның жалған қорытынды немесе жалған айғақтар беруi мақсатында, сол сияқты аудармашыны оның қате аударма жасауы мақсатында параға сатып алу – төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Куәнi, жәбiрленушiнi жалған айғақтар беруге, сарапшыны жалған қорытынды беруге немесе аудармашыны қате аударма жасатуға мәжбүрлеу, сол сияқты аталған адамдарды айғақтар беруден жалтаруға осы адамдарды немесе олардың жақындарын бопсалаумен, өлтiру, денсаулығына зиян келтiру, мүлкiн жою қатерін төндірумен ұласқан мәжбүрлеу –
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, аталған адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып жасалған іс-әрекеттер –
алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған не аталған адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күш қолданып жасалған, сол сияқты сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптауға байланысты іс-әрекеттер –
екі жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 422-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте, если кассация отменила обвинительный приговор и отправило дело на повторное рассмотрение, при это человек отбывает наказание 5 месяцев в Учереждение средней безопасности, должны ли его освободить и есть ли на это сроки установленные законом ?
Здравствуйте есть ли отстрочка ?статья 346.1 как едениственый кормилиц , так как супруга не давно родила , в декрете
Ассалаумағалеикум ... Помогу. канкретно выбит. долг. с. кого надо .. Званить 777056724275
Здравствуйте ! Могу ли я забрать свою машину у человека который по документам не является её владельцем .
Машина оказалась у моего знакомого на сохранение, после чего мы договорились о том , что я продам её ему , но так как я находилась в другой стране сразу не могла переоформить по итогу когда приехала человек передумал её покупать и потребовал денеги с меня за мою же машину ! Сначало 1200 млн тг потом 600тыс тг ,Мол он вложил в нее денег однако я его об этом не просила более того ,просила её не трогать пока я не приеду, однако он на ней ездил эксплуатировал делал все что хотел . И по итогу не покупать её не хочет не отдавать . Платить ему у меня есть сомнения действительно ли он вложил такую сумму ( Машина по документам моя на каз учете . Человеку я ничего не должна ни по каким распискам как мне законно забрать свое имущество??? Помогите ? сколько стоит нанять адвоката по такому делу ? На моей ли стороне закон ?
если командированный работник ежедневно возвращается к месту постоянной работы, то возмещаются только транспортные расходы при наличии проездных документов без выплаты суточных.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей