Ст. 72 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481
ҚР Су Кодексi
72-бап. Су пайдаланушылардың мiндеттерi
Су пайдаланушылар: 1) су ресурстарын ұтымды пайдалануға, судың ысырабын қысқартуға шаралар қолдануға;
2) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарына ұқыпты қарауға, оларға зиян келтiрiлуiне жол бермеуге;
3) белгiленген су пайдалану лимиттерін, рұқсат етілген көлемдері мен режимдерiн сақтауға;
4) басқа су пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерiнiң бұзылуына жол бepмeугe;
5) судың жай-күйiне әсер ететiн су шаруашылығы құрылыстары мен техникалық құрылғыларды ақаусыз күйiнде ұстауға, олардың пайдаланылу сапасын жақсартуға, су ресурстарын пайдалануды есепке алуға, су шаруашылығы құрылыстарының су тарту, су жіберу мен сарқынды және коллекторлық суларды ағызу құрылыстарын өлшеу құралдарымен және су өлшеу аспаптарымен жабдықтауға;
6) су қорғау iс-шараларын жүзеге асыруға;
7) арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта немесе қайталама су пайдалануға арналған шартта айқындалған су пайдалану шарттарын, сондай-ақ бақылаушы органдардың нұсқамаларын белгіленген мерзімдерде толық көлемде орындауға;
8) мұнайдың авариялық төгілуін жою кезінде түсетін ластағыш заттарды қоспағанда, белгiленген нормативтерден асатын зиянды заттардың ағызылуына жол бермеуге;
9) су объектiсiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нысан бойынша пайдалану туралы анық және толық ақпаратты мемлекеттiк органдарға уақтылы ұсынуға;
10) су үнемдеушi технологияларды, суарудың озық техникасын, сумен жабдықтаудың айналымдық және қайталама жүйелерiн енгiзуге шаралар қолдануға;
11) жер үстi және жер асты суларынан су жинау алаңының ластануына жол бермеуге;
12) су объектiлерiнiң су қорғау аймақтарының аумағында шаруашылық және өзге де қызметтiң белгiленген режимiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;
13) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, ауызсу сапасындағы жерасты суларын ауызсумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін пайдалануға жол бермеуге;
14) су объектiлерiнде және су шаруашылығы құрылыстарында Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға;
15) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында жеке тұлғалардың қауіпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
16) барлық авариялық жағдайлар мен су пайдаланудың технологиялық режимiнiң бұзылуы туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына дереу хабарлауға, сондай-ақ су объектiлерiне зиян келтiрiлуiн болғызбау жөнiнде шаралар қолдануға;
17) су пайдаланғаны үшiн төлемдердiң уақтылы төленуiн жүзеге асыруға;
17-1) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне сәйкес Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру кезiнде экологиялық pұқсaт алуға;
18) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы заңдарында көзделген басқа да мiндеттердi орындауға мiндеттi.
Ескерту. 72-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2007.01.09 N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Как можно обжаловать решения судьи по адм нарушение. По канабису. Результаты анализа мед тестов спасибо заранее
Здравствуйте! помогите Как перейти с СНР для субъектов малого бизнеса на основе упрощенной деклорации на СНР с использованием СМП
С 2015 года для субъектов малого бизнеса тоо пЕчать было пО желанию,если тоо открыто 2010 году,может ли гос орган требовать договоре аренды пЕчать
Төтенше жағдай кезінде 471 бап 2 тармағынан уәкілетті орган уақытылы отчет тапсырмаған осы бағытта заң қарастырылған ба
Случился конфликт с главным бухгалтером предприятия, он пользуясь авторитетом убедил руководителя расторгнуть со мной трудовой договор. моего заявления как Приказа на увольнение ещё нет,а он приедставил коллектву нвого руководителя офрмил на него ЭЦП. Меня вынуждают уволиться по собственному желанию создав нетерпимую атмосферу в коллективе и обещая проблемы в последующем (устно). терять работу нет желания но и работать в таких условиях не представляется возможным. Подскажите как поступить в данной ситуации?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей