Ст. 75 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481
ҚР Су Кодексi
75-бап. Арнайы cу пайдалану құқығын тоқтату
1. Арнайы су пайдалану құқығы:
1) су пайдаланушы су пайдалану құқығынан бас тартқан;
2) су пайдалану мерзiмi өтiп кеткен;
3) су пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған;
4) су пайдаланушы заңды тұлға таратылған;
5) су объектiлерi табиғи немесе жасанды түрде жойылып кеткен;
6) су объектілерін пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен басқа жеке және заңды тұлғаларға ауысқан жағдайларда тоқтатылуға жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көзделген арнайы су пайдалану құқығын тоқтату негіздері туындаған жағдайда бассейндік инспекция жеке немесе заңды тұлғаға арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы жазбаша хабарлама жібереді.
2. Арнайы су пайдалану құқығы:
1) ауыз сумен жабдықтауға арналған су ресурстары бiр жыл бойы пайдаланылмаған;
2) су ресурстары үш жыл бойы пайдаланылмаған;
3) су ресурстарын мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн пайдалану қажеттiлігi туындаған;
4) арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтар жойылмаған жағдайларда, арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру арқылы тоқтатылуға жатады.
3. Арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру үшін осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау барысында анықталады.
Арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Арнайы су пайдалану құқығын тоқтату туралы шешім су пайдалану шартын бұзу үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 75-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на [email protected]
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей