Ст. 121 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
ҚР Жер кодексi
121-бап. Жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтары
1. Тұрғын халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және өнеркәсiп, көлiк объектiлерi мен өзге де объектiлердi пайдалану үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында аймақтар белгiленедi, аймақтарды белгiлеу мақсаттарына сай келмейтiн қызмет түрлерiне олардың шегiнде шек қойылады немесе тыйым салынады.
2. Жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтарына:
1) өнеркәсiп орындарының санитарлық-қорғау аймақтары;
2) темiр жол мен автомобиль жолдарына бөлiнiп берiлген белдеуге iргелес жатқан, сел-көшкiн қаупi бар және орманды қорғау аймақтары;
3) бас саға құрылыстарын қорғау аймақтары;
4) әуеайлақ маңындағы аумақ;
5) магистральды құбыр жолдарының, байланыс, радио, электр және жылу желiлерiнiң күзет аймақтары;
5-1) газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары;
6) су күзету аймақтары;
6-1) тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөлшектер құлайтын аудандарды қоспағанда, жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтары;
7) әскери полигондардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арсеналдарының, базалары мен қоймаларының аумақтары және белгіленген тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар шегіндегі оларға іргелес аумақтар;
8) арнаулы мемлекеттік органдардың пайдалануындағы аумақтар;
9) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне іргелес жатқан аумақ жатады.
3. Ерекше шарттармен пайдаланылатын аймақтарға енгiзiлген жер сол жерлерде арнаулы белгiлермен көрсетiледi. Бас саға құрылыстарын күзету аймағының бiрiншi белдеуiн қоспағанда, аталған жерлер жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан алынып қойылмайды.
Осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген аймақтағы жер учаскелері жер учаскелерінің меншік иелерінен, жер пайдаланушылардан алып қойылмайды.
4. Осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген аймақтарды қоспағанда, аталған аймақтардың шекарасы мен олардағы жердi пайдалану режимiн нормаларға және жобалау-техникалық құжаттамаға сәйкес меншiкке немесе жер пайдалануға жердi беру туралы шешiм қабылдаған орган айқындайды.
Осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген аймақтардың шекаралары мен жерлерді пайдалану режимі осы Кодекске және Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің негізгі қоршауынан кемінде елу метр қашықтықта белгіленеді.
Ескерту. 121-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.10 № 180-IV, 2012.01.06 № 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 № 533-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.15 № 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.05.2020 № 337-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
13-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер
Лучшие юристы





Здравствуйте! Я нахожусь в декретном отпуске 1,5 года, компания просит, чтобы я уволилась в связи с ликвидацией компании, уведомление о ликвидации компании выставили 17 марта, прислали на почту 20 марта, в уведомлении ссылаются на статью 52 1 пункт, а про компенсацию ничего не написали, подскажите пожалуйста, какую компенсацию они мне должны выплатить и могу ли я подписывать такой документ?
Здравствуйте!
В магазине отказались принимать наличные деньги(тенге). Кассир заявил, что принимают оплату толька картой или кьюар. Законно ли деиствие магазина?
Мужа задержали,так как он не являлся на отметку в органы пробации, до этого был освобождён по статье УК 44рк
На данный момент 30го числа будет суд и время его провождения под стражей 26 дней, суд будет о замене ??его наказания но при этом учитываются статьи 476,477,480 что можно сделать, так как в положении и до родов не далеко осталось, у него ещё есть не совершенно летняя дочь,
При рассмотрении суда могут ли ему дать условный срок отбытия наказания ?
В административном кодексе закон обратной силы не имеет, то есть вы не сможете восстановить водительское удостоверение, так как совершили правонарушение в момент действия закона в то время и изменить решение суда не получится по истечению установленных сроков
В данном законе в статье 26 указано, что действие статей 18-24 настоящего Закона распространяется на жертв политических репрессий, реабилитированных до вступления настоящего Закона в силу, то есть в связи с принятием данного закона, они распространяются на реабилитированных до и после принятия закона.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей