Ст. 49 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.06.2023
ҚР Жер кодексi
49-бап. Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн төлеу мерзiмiн ұзартып сату кезiнде оларға құқықтар алу
1. Мемлекет меншігіндегі жер учаскесі сатып алу-сату шартын жасасу арқылы сатып алушының жазбаша өтініші бойынша он жыл мерзімге төлеу мерзімі ұзартылып сатылады. 2. Сатып алушы сатып алу-сату шартын жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жер учаскесі құнының кемінде бес пайызын құрайтын мөлшерде аванс төлеуге тиіс. Бұдан кейін сатып алушы жер учаскесі үшін төлемді сатып алу-сату шартына қоса берілетін және оның ажырамас бөлігі болып табылатын төлем кестесіне сәйкес ай сайын төлеп отырады. Жер учаскесі үшін төлем қолма-қол есеп айырысу арқылы да, сатушының сатып алу-сату шартында көрсетілген шотына аудару арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін.
Сатып алушы өзінің міндеттемелерін толық көлемінде де, ішінара да мерзімінен бұрын өтеуге құқылы. Міндеттемелерді ішінара өтеген жағдайда төлем кестесі қайтадан бекітілуге тиіс.
3. Жер учаскесі үшін ай сайынғы төлемді кешіктірген жағдайда сатып алушы сатушыға кешіктірген әрбір күн үшін жер учаскесінің төленбеген сатып алу бағасының 0,1 пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
Егер сатып алушы жер учаскесі үшін қатарынан үш ай бойы, ал ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскесі үшін қатарынан екі жыл бойы төлем жасамаса, сатушы сатып алу-сату шартын бұзуға және сатылған жер учаскесiн қайтарып беруді талап етуге құқылы, бұған сатып алушыдан алынған төлем сомасы жер учаскесiнiң сатып алу бағасының жартысынан асып түскен жағдайлар қосылмайды.
4. Жерді кепілге беруді қоспағанда, төлеу мерзімі ұзартылып сатылған жер учаскесіне қатысты оның сатып алу бағасы толық төленгенше мәміле жасасуға тыйым салынады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-тармақтың екінші бөлігін алып тастау көзделген - ҚР 02.11.2015 № 389-V Заңымен (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі, осы Заңның қолданысқа енгізілуі 31.12.2026 дейін тоқтатыла тұрады).
Жеңілдікті бағамен төлеу мерзімі ұзартылып сатылған жер учаскесімен мәміле жасасу құқығына осы Кодекстің 24-бабының 3-тармағында көзделген жер учаскесімен мәміле жасасуға шектеу қойылған және оның сатып алу бағасы толық төленген кезден бастап есептелетін мерзім аяқталған соң жол беріледі.
5. Сатып алушының төлеу мерзімін ұзартып сатқан жер учаскесін кепілге беруге оның сатып алу бағасының кемінде елу пайызын төлеген жағдайда жол беріледі. Бұл ретте жер учаскесінің сатып алу бағасы төленген бөлігі ғана кепіл нысанасы бола алады.
6. Төлеу мерзiмi ұзартылып сатылған жер учаскесiмен мәмiлелер жасасу бойынша шектеулер жер учаскесiн сатып алу-сату шартында және жер учаскесiне арналған сәйкестендіру құжатында көрсетiледi. Жер учаскесiнің сатып алу бағасын төлеу туралы құжат сатып алу-сату шартындағы және жер учаскесiне арналған сәйкестендіру құжатындағы осы шектеудi алып тастауға негiз болады.
Ескерту. 49-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.20 № 464-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
49-1-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 05.04.2023 № 221-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
49-1-бап. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі
1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарауға қабылдау;
2) жер учаскесін сұралып отырған нысаналы мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау;
3) мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы не келісу органдарында осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті келісу;
4) жер комиссиясының қорытындысын дайындау;
5) алып тасталды – ҚР 29.06.2020 № 352-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреті шегінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешiм қабылдауы;
7) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау.
2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште не "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш береді.
Өтінішке қабылданған күні бойынша тіркеу нөмірі беріледі және өтініш берушіге өтініш берілгенін растайтын хабарлама беріледі, онда жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту не одан бас тарту мәселесі бойынша шешімді алатын күн көрсетіледі.
Өтініште мынадай мәліметтер көрсетіледі:
жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;
жер учаскесінің сұралып отырған нысаналы мақсат;
жер учаскесінің алаңы;
жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының нөмірі мен күні.
3. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен кезінен бастап он үш жұмыс күніне дейінгі мерзімде қаралады.
4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы келіп түскен өтінішті бір жұмыс күні ішінде құзыреті шегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органына не тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне жібереді.
5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы не жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі құзыреті шегінде өтініш келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және оны барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге келісуге бір мезгілде жібереді.
6. Келісу органдары үш жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті қорытындыларды береді.
7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы не жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі құзыреті шегінде қорытындылар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс дайындайды.
8. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім жер комиссиясының қорытындысы негізінде қабылданады. Жер комиссиясының қорытындысы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс жер комиссиясына келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады.
9. Алып тасталды - ҚР 29.06.2020 № 352-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
10. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы не жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі құзыреті шегінде жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің тиісті шешімін дайындайды.
11. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы не өзгертуден бас тарту туралы шешімі жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде қабылданады.
12. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту уәжді болуға тиіс.
13. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге келісу туралы не одан бас тарту туралы шешімінің көшірмесі шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тапсырылады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімінде:
жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;
жер учаскесінің нысаналы мақсаты;
жер учаскесінің алаңы қамтылуға тиіс.
Өтініш "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық құжат нысанында берілген жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге келісу туралы не одан бас тарту туралы шешiмi өтініш берушіге ол қабылданғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде электрондық құжат нысанында жіберіледі.
14. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгертілген кезде сәйкестендіру құжаттарын қайта ресімдеу мерзімі алты жұмыс күнінен аспайды.
Ескерту. 49-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.07.06 № 279; жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.05.2018 № 151-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы

Астана, услуги по Казахстану и СНГ
Комментариев: 39
Всего

Караганда; Нур-Султан (Астана)
Всего

г. Караганда
За последние 30 дней

г. Алматы
Всего

Всего
Коментарии пользователей
Гость
19.05.23 19:27:40
Салеметсиз бе!Бизде 49жылга берилген жер бар еди Акемнин атында.Бирак ГосАкт Акемнин бауырында.Ол киси гос актты бермейди не корсетпейди.бизге жер сатылды деп колхат жаздырып акша Берген еди бираз.Биз бирак нотариуска да бармадык купли продажанын кагаздарын да кормедик
Биздин келисимизсиз сатып жибере ала ма Ол киси?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей