Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 66 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 31.10.2026

ҚР Жер кодексi
66-бап. Осы Кодекске орай жер учаскесіне құқықтар тиесілі болмайтын жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері

1. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негіздер бойынша тұлға жер учаскесіне осы Кодексте белгіленген нормаларға сәйкес оған (тұлғаға) тиесілі болмайтын құқықты алатын жағдайларда, аталған құқық Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген ережелер бойынша үш ай ішінде иеліктен шығарылуға тиіс немесе аталған мерзімде осы Кодекске сәйкес жерге сондай субъектіге тиесілі болатын құқық етіп қайта ресімделуге тиіс. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талап орындалмаған жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жер учаскесін орналасқаны жер бойынша қайтару туралы талап-арыз береді. 

2. Үйлердің (құрылыстардың, ғимараттардың) иеліктен шығарылуына байланысты меншіктегі немесе жер пайдаланудағы жер учаскесі иеліктен алынған кезде, алушылар жер учаскесіне иеліктен алынатын құқық тиесілі болмайтын тұлғаға осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес бұл құқықты сол тұлғаға тиесілі болатын құқық етіп қайта ресімдеуге тиіс. 

3. Жеке және (немесе) заңды тұлғалар осы Кодекстің талаптарын бұза отырып жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелер жарамсыз болады. 

4. Осы баптың талаптарына сәйкес жер учаскесіне құқықты қайта ресімдеу орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады. 

Ескерту. 66-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.20 № 464-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-тарау. Сервитуттар

Статья 1 ...64 65 66 67 68 ...171

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.


я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть


Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?


Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться