Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Бюджет кодексi

ҚР Бюджет кодексi
120-бап. Қаржылық есептілікті ұсыну



Ст. 120 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



1. Мемлекеттік мекемелер қаржылық есептілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне табыс етеді. 

2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржылық есептілікті: 

1) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға; 

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады. 

2-1. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдар бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi ұсынады. 

3. Қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен беріледі. 

4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аралық қаржылық есептілікті ұсыну мерзімін анықтауға және жылына кемінде бір рет өзге де кезеңділікті белгілеуге құқылы. 

Ескерту. 120-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2013 № 112-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

РҚАО-ның ескертпесі!

23-тарауды 120-1 және 120-2-баптармен толықтыру көзделген - ҚР 02.07.2014 № 225-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

6-бөлім. БЮДЖЕТТІК ЕСЕПКЕ АЛУ МЕН ЕСЕПТІЛІК
24-тарау. БЮДЖЕТТІК ЕСЕПКЕ АЛУ


Статья 1 ...118 119 120 121 122 ...245

Перейти к статье







Добавить комментарий к 120-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV