Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Бюджет кодексi
124-бап. Бюджеттік есептіліктің түрлері

Ст. 124 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Бюджеттік есептілік есептердің мынадай түрлерін: 

1) мемлекеттік мекемелердің есептерін: 

тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті; 

филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есепті; 

дебиторлық берешек туралы есепті; 

кредиторлық берешек туралы есепті; 

2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептерін: 

бюджеттік мониторингтің нәтижелері туралы есепті; 

тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті; 

филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен ақшаның түсуі және оның жұмсалуы туралы есепті; 

дебиторлық берешек туралы есепті; 

кредиторлық берешек туралы есепті; 

стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті; 

бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті; 

3) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілігін: 

республикалық, тиісті жергілікті бюджеттердің, облыстар, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің, мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді; 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті; 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есепті; 

мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті; 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың талаптары мен міндеттемелері туралы есепті; 

мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен ақшаның түсуі және оның жұмсалуы туралы есепті; 

мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің дебиторлық берешегі туралы есепті; 

мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің кредиторлық берешегі туралы есепті; 

бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша республикалық (жергілікті) бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепті; 

3-1) шоғырландырылған қаржылық есептілікпен бір мезгілде берілетін есептерді; 

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органның есептерін: 

республикалық немесе тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті; 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті қамтиды. 

2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өз құзыреті шегінде бюджеттік есептіліктің қосымша нысандарын белгілейді. 

3. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер бюджеттік есептілікті жасау және табыс ету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуға міндетті. 

4. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көрсетілген бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді. 

Ескерту. 124-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.11.2015 № 403-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...122 123 124 125 126 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 124-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV