Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 126 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Бюджет кодексi
126-бап. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есеп

1. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепте оның іске асырылу барысы, мемлекеттік орган қызметінің мақсаттарына, нысаналы индикаторларына қол жеткізудегі прогресс туралы ақпарат қамтылады. 

2. Мемлекеттік орган стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті жыл сайын жасайды және есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей бірінші басшының қолтаңбасымен веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады. 

Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті жасау және ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 

3. Алып тасталды - ҚР 03.07.2017 № 86-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 126-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

25-тарау. БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

Статья 1 ...124 125 126 127 128 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 126-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV