Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Бюджет кодексi
168-бап. Байланысты гранттарды тарту

Ст. 168 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер тізбесінің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган донорларға байланысты гранттар беруге арналған өтінімдер жібереді. 

2. Байланысты гранттар беруге арналған өтінімдерді толтыруды донорлар белгілеген нысан бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның сұрау салуы негізінде тиісті орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілді немесе атқарушы органдар жүзеге асырады. 

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісіп алмай донорларға өтініш жасауға тыйым салынады. 

3. Байланысты грантты тартуға өтінімді донор мақұлдаған жағдайда, оны тартудың орындылығын тиісті бюджет комиссиялары айқындайды. 

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер тізбесін қалыптастырады және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді, сондай-ақ оны жергілікті атқарушы органдарға тиісті бюджет комиссияларының қарауына өтінімдер енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін жібереді. 

Тиісті бюджет комиссияларының өтінімдерді мақұлдау қорытындылары бойынша байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесі бекітіледі. 

3-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті бюджет комиссияларының шешімдері негізінде бір жыл ішінде байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуі мүмкін. 

4. Байланысты грант туралы келісім республикалық немесе жергілікті бюджеттер бекітілгеннен кейін жасалады. 

Ескерту. 168-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2017 № 112-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

35-тарау. БАЙЛАНЫСТЫ ГРАНТТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Статья 1 ...166 167 168 169 170 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 168-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV