Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 175 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Бюджет кодексi
175-бап. Кредитор

1. Қазақстан Республикасының бюджеттік және азаматтық заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беретін кредит шартының тарабы кредитор болып табылады. 

2. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттеу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі кредитор болып табылады. 

Бюджеттік кредиттеу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан кредитор ретінде әрекет етеді. 

3. Жергілікті бюджеттен бюджеттік кредиттеу кезінде тиісті жергілікті атқарушы орган кредитор болып табылады. 

4. Кредитор осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беруді қамтамасыз етеді, кредит шарты талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Статья 1 ...173 174 175 176 177 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 175-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV